Әлем • 10 Қаңтар, 2026

Жапонияда зообақ қызметкерлері аң костюмін киіп өнер көрсетті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандаларсыз қалған Жапониядағы зообақ оның орнына арнайы костюм киген қызметкерлерді вольерлерге орналастырып, пандаларға арналған іс-шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапонияда зообақ қызметкерлері аң костюмін киіп өнер көрсетті

Фото: ABCTVnew

South China Morning Post мәліметінше, пандалар вольерлерінде апта сайын экскурсиялар өткізіледі. Бұл экскурсиялар аюлар зообақтан әкетілгеннен кейін қайтадан көпшілікке ашылған. Қазіргі уақытта пандалардың орнына зообақ қызметкерлері аң костюмін киіп, келушілер алдында «өнер көрсетеді».

Жапония Абай облысына 7 млн доллардан астам қаражат бөледі

Экскурсия барысында келушілер «пандаларды» тамақтандыра алады. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінде панда қалпағын киген қызметкер келуші сыйлаған алманы жеп отырғандай кейіп танытады.

Экскурсия соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

Аталған шара зообақтың қоғаммен байланыс бөлімі қызметкері бастамашы болған «Пандаларды сүю клубы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында экскурсиялардан бөлек, дәрістер, сондай-ақ күтушілердің пандаларға қатысты естеліктері мен әңгімелері ұйымдастырылады.

Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті іске қосу туралы шешім қабылдады

Желі қолданушылары бұл бастамаға әртүрлі пікір білдірген.

– Бұл авангард театрға ұқсайды, – деп жазды бір пікір қалдырушы.

– Көрініс соншалықты сюрреалистік, тіпті жасанды интеллект жасаған дүние деп ойладым, – деді тағы бірі.

– Бұл шара күтушілердің тәжірибесін жоғалтпау үшін ұйымдастырылған болуы мүмкін. Алайда енді жоқ нәрсені еске алудың өзі біртүрлі әрі мұңды көрінеді, – деп пікір білдірді тағы бір қолданушы.

Бұған дейін мәдени мұраны сақтаудың жапондық үлгісі туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар