Қоғам • 29 Желтоқсан, 2020

Жылжымайтын мүлік құжаты электронды түрде беріледі

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр қараша айынан бастап жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде алу мүмкіндігі астана мен Шымкент қаласының тұрғындарына берілген-ді. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлт­тық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бір­лесіп, аталған мемлекеттік қызметті Қазақ­станның барлық өңірінің тұрғындары egov.kz электронды үкімет порталынан алуына мүмкіндік жасады. Жаңа қызмет қазақстандықтарға ХҚО-ға бармай-ақ, жыл­жымайтын мүлік техпаспортын онлайн алуға мүмкіндік береді.

Жылжымайтын мүлік құжаты электронды түрде беріледі

Электронды техпаспортты электрон­ды үкімет порталында алу үшін «Жыл­жы­майтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жыл­жымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электрон­ды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтер­лердің, жатақ­хана бөл­меле­рінің, жеке гараждардың және саяжай құры­лыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көр­сетілген құ­жат­тарды тіркеуі қажет. Құ­жат­ты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақ­хана­лардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құры­лыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі. Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараж­дар мен саяжай құрылыстарына рәсім­­делетін электронды техпаспорт ХҚО-да қол­таңбамен расталып, мөр басылып бері­летін құжаттағыдай бірдей деректерді қам­тиды. Техпаспорттың электронды баламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тар­тылған қызметкерлердің электронды-цифр­­лы қолтаңбасымен расталатын болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Шым­кент қалаларында жүзеге асырылған қанат­қақты жоба аясында 12 мыңнан астам қазақ­стандық жаңа техпаспортты электронды тәсілмен алған.

 

 

Соңғы жаңалықтар