Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Арыстық 100 бала Каспий жағалауындағы лагерге демалуға келді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласына Арыс қаласынан 100 бала және 7 жетекші пойызбен келді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.

Арыстық 100 бала Каспий жағалауындағы лагерге демалуға келді

Кішкентай бүлдіршіндерді Маңғышлақ вокзалынан  облыстық білім басқармасының өкілдері  күтіп алып, оларды Ақтау қаласынан 43 шақырымдағы теңіз жағалауында орналасқан «Алау» жазғы сауықтыру лагеріне орналастырды.   Жазғы сауықтыру барысында балаларға экскурсиялар, шығармашылық және танымдық шаралар ұйымдастырылады. Балалар Ақтауда екі апта демалады.

- Біз кішкентай қонақтарымызға жазғы сауықтыру лагерде жақсылап демалуын тілейміз. Балалар жолда жақсы келгендерін айтты. Бірі бірінші рет келсе, енді бірі Каспий теңізге келіп шомылған екен. Араларында бір үйден 2-3 бала бар. Оларға барлық жағдай жасап, оларға қажетті заттармен қамтылғанын қадағалаймыз. Тамыз айында Арыс қаласынан 50 бала «Балдәурен» лагеріне демалуға келеді, деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37