Жоғары хоккей лигасындағы плей-офф сынының 1/4 финалына шыққан қазақстандық қос клуб – Қарағандының «Сарыарқасы» мен Өскеменнің «Торпедосы» алғашқы ойындарын өткізді.
Қарағандыда өткен матчта «Сарыарқа» Ресейдің «Зауралье» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті.
Қос команданың арасындағы матч қаншалықты тартысты өрбігенмен, есеп тек алғашқы кезеңнің соңғы минутында ғана ашылды. Бұл шайбаны «Сарыарқа» сапынан Олег Ломако өз еншісіне жазды. Кездесудің екінші кезеңі басталар тұста Виталий Смольянинов қонақтарды тағы бір мәрте қапы қалдырды.
Матчтың соңғы бөлігінде жанкүйерлер екі голдың куәсі болды. Алдымен, 52-минутта Артур Сарваров басымдықты арттырған болса, негізгі уақыттың аяқталуына үш минут қалғанда «Зауралье» ойыншысы Евгений Сулимов жалғыз голдың авторы атанды.
Қос ұжымның арасындағы теке-тіресте «Сарыарқа» осылайша алға шықты.
Дәл осы сында өнер көрсеткен Өскеменнің «Торпедосы» өз айдынында Санкт-Петербургтің «Динамосымен» күш сынасып, 2:3 есебімен есе жіберіп қойды.
Кездесудегі алғашқы гол 11-минутта соғылды. Талғат Жайлауовтың нәтижелі соққысынан кейін шығысқазақстандықтар есепте алға шыққан. Алайда, араға екі минут салып Артур Чувиляев таразы басын теңестіріп кетті. Матчтың келесі кезеңінде бір ғана шайба соғылды. Бұл тұста «Торпедо» сапынан Майк Далхёйсен мергендігімен танылды.
Ойынның соңғы бөлігі жерлестеріміз үшін ойдағыдай аяқтала қоймады. Себебі, төрешінің ысқырығы естіле салысымен алға ұмтылған питерліктер есепті 2:2-ге жеткізсе, араға үш минут салып жеңіс голын салды. Бұл шайбалар, сәйкесінше Сергей Кузнецов пен Вадим Щегольковтың есебіне жазылды.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48