К2 Promotions компаниясының директоры әрі қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыру үшін қолайсыз жайттарды қабыл алуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Қазір Головкиннің бар ойы – 18 наурыз күні өтетін кездесу жайлы. GGG-ға қарсылас табу қиынға соғып жатады. Сол үшін бәрін алдын ала жоспарлауды жөн көремін. Мәселен, өткен жылдың қараша айынан бері Эрик Гомеспен жұдырықтасу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмын. Бұл шара биыл қыркүйек айында өтеді деген үміттемін. Бірақ оған дейін Геннадий Джейкобсты жеңуі қажет», – деді Том Леффлер.
«Головкин жылына төрт мәрте рингке шыққысы келеді. Әрине, мүмкін болғанның бәрін жасауға тырысып бағудамыз. Егер «Канеломен» бокс кешін ұйымдастыра алмасақ, өзге қарсыластар іздеуге көшеміз. Болашақты алдын ала білу мүмкін емес қой. Мәселенің көбі Нью-Йорктегі айқасқа байланысты болмақ. Дэнни тез берілетін боксшы емес», – деді промоутер.
«Ал Альвареспен бокс кешін өткізу ісіне келер болсақ, екеуінің салмақ дәрежелері әртүрлі болғанмен, бұл оларға кедергі болмасы анық. Бірақ өткенге көз жүгіртсек, айтулы жекпе-жектер ұйымдастырылғанмен, өтпей қалғандары да болған. Егер 18 наурыздан кейін «Golden boy» компаниясымен келіссөздерді жүргізу керек болса, қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біз бұған дейін де өзімізге ыңғайы келмейтін тұстарды қабыл алғанбыз. Егер Альварестің тарапы ұйымдастыру жұмыстарын толығымен өз қолына алғысы келсе, бұған да келісеміз. Геннадий шаршы алаңда тек үздіктермен күш сынасқысы келеді», – деді Головкиннің промоутері.

Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 16:12
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қоғам • Бүгін, 16:07
Жасанды жаңбыр – бірегей бастама
Экономика • Бүгін, 16:07
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:45
Депутат былапыт сөз қолданылатын тренингтерге баға беруді талап етті
Парламент • Бүгін, 15:30
Алматыда қоқысты электр энергиясына айналдыратын кәсіпорын бой көтереді
Үкімет • Бүгін, 15:28