Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрі Заир Мырзаевпен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласы екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінде маңызды векторлардың бірі екені атап өтілді.
Достық рәуіште өткен кездесуде тараптар бірінші кезекте Өзбекстанның ауыл шаруашылығы саласына Қазақстаннан инвестиция тарту, сондай-ақ, Өзбекстаннан елімізге ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау ісіндегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен перспективалары сөз болды. Бұдан бөлек, соңғы уақыттарда Өзбекстаннан Қазақстанға көкөніс, жеміс-жидек молынан жөнелтіліп жатқаны, өзбек ағайындардың ауылшаруашылық өнімдерін Ресейге тасымалдау мәселесі әңгіме арқауына айналды. Осы арада қазақстандық кәсіпкерлердің Өзбекстанның шекаралық аймақтарында дайындалатын кептірілген жеміс-жидектер мен жаңа піскен өнімдерге жоғары деңгейде қызығушылық танытып отырғаны айтылды.
Өз кезегінде З.Мырзаев өз елінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау, мелиорация жүйесін жетілдіру, аталған салаға озық технология тарту, сондай-ақ, ресурс үнемдеуші және энергетикалық тұрғыда тиімді өндірістік үдерістерді кеңінен пайдалану мәселелеріне ден қойып отырғанын жеткізді.
Ал Ерік Өтембаев екі елдің экономикалық байланыстарының келешегі зор екеніне тоқталды. Оның айтуынша, екіжақты экономикалық ынтымақтастық ісінде негізінен шекаралық және өңіраралық ықпалдастықты дамыту жолдарын қарастыру, екі елдің қайта өңдеу кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының кооперациясын құрып, оларды кеңейту, ауылшаруашылық машиналарын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру, екі жаққа ортақ агроөнеркәсіптік кешен кластерін ұйымдастыру мәселелері маңызды.
Сондай-ақ, Қазақстан елшісі жылыжайлар салу, егін шаруашылығы, жеміс-жидек пен көкөністі терең өңдеу саласындағы қазақстандық және өзбекстандық мамандардың арасында жаңадан байланыс орнату қажеттігін атады. Сондай-ақ, ол қазақстандық мамандар Өзбекстан мелиоративтік өнеркәсібінің озық тәжірибелерін үйренуге және осы елдің бау-бақша саласындағы фермерлермен тәжірибе алмасуға мүдделі екенін сөз етті. Бұған қоса, елші Өзбекстан тарапының асыл тұқымды қой және жылқы өсіруге қызығушылық танытып отырғанын ескере келіп, оларға жаңа технологияға негізделген қазақстандық мал шаруашылығының әлеуетін пайдалануды ұсынды.
Жалпы, қазақ-өзбек ынтымақтастығында су шаруашылығы мен Арал теңізінің мәселелері айрықша мәнге ие. Осы орайда, тараптар ауыз су мен егінге пайдаланатын су тапшылығына алаңдаушылық білдіре келіп, Орталық Азиядағы ірі өзендердің жоғарғы және төменгі жағында орналасқан мемлекеттердің өзара келісімі қажет екенін қозғады. Осы арада Е.Өтембаев Арал маңын және өзге де шөлейттенген жерлерді қайта жаңғырту бағытында күш біріктіру маңызды екенін атады.
Сонымен қатар, Е.Өтембаев Қазақстан мен Өзбекстан барлық салада бірлесе, түсіністікпен жұмыс істесе, Орталық Азия аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін сөз етті.
Кездесу соңында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор екеніне назар аудара келіп, қазақ және өзбек тауар өндірушілерінің өзара қарым-қатынасын жақсарту мақсатында кез келген мәселелер бойынша ақпарат алмасуды жалғастыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті
Аймақтар • Бүгін, 22:45
Жезқазғанда жастар арасында зиянды әрекеттердің алдын алу шарасы өтті
Аймақтар • Бүгін, 22:28
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 21:45
Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:35
Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтеді
Спорт • Бүгін, 20:50
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Бүгін, 20:35
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды
Ата заң • Бүгін, 19:34
Үнзила Шапақ: Әйелдердің үні Конституциялық комиссия жұмысында толыққанды естіледі
Ата заң • Бүгін, 19:14
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Бүгін, 19:00
Қазақстан Халық партиясы өңірлерде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:45
Президент Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:30
Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 18:15