Еліміздегі тыныштық, түрлі этностар мен конфессиялар арасында түсіністік пен келісім, елде жүргізіліп жатқан бейбіт саясат үшін Алғыс айту күнінің белгіленгені қазақстандықтардың жаңа ғасырдағы жақсы үрдістерінің бірі. Күнделікті өмірде, ағын судай өтіп жатқан тірлікте тыныштықтың қадіріне ешкім назар аудара қоймайды, ал осындай нақты күн белгіленіп, еске салынғанда адамның ойланып, барды бағалай білуіне бір серпін болатыны сөзсіз. Біз Мәжілістің ең жас депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі Наринэ МИКАЭЛЯНДЫ әңгімеге тартып, осы күннің өзі үшін қандай маңызы барын сұраған едік.
– Менің отбасым Қазақстанда 1955 жылдан бері тұрып келе жатыр.
Нағашы атам соғысқа қатысып, тұтқынға түскен екен. Жеңістен кейін оны 10 жылға соттап, Саха еліне жер аударады. Сол жақта үйленіп, кесілген мерзімін толық өтеп шығады. Содан кейін туған жеріне бармай, Қазақстанда қоныс теуіпті. Оның қалған өмірі осында өтті. Анам осында өсті, әкем Арменияда туғанымен, менің шешеме үйленген соң қазақстандық болды. Мен өзім Алматыда туып, сонда өскен баламын. Өзімді жергілікті алматылықпын деп санаймын. Мектепті де, университетті де Алматыда бітірдім. Мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық құқық факультетін 2005 жылы үздік бітірдім. Бірнеше жыл Арменияның Қазақстандағы елшілігінің Алматыдағы консулдық бөлімінде көмекші-референт қызметін атқардым. Одан кейін бірнеше компанияда заңгер болып істедім. Сол қызметтерде жүргенде армян мәдени-этностық орталығының жұмысына белсене қатысып, жастар қанатының жетекшісі болдым. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына да белсене араластым. Ал 2016 жылдың наурызынан ҚХА тізімімен армян этностық орталығының өкілі ретінде депутат болып сайландым.
– Наринэ Гамлетовна, Алғыс айту күні сіз үшін нені білдіреді? Осындай күнді белгілеудің қаншалықты қажеттілігі бар деп ойлайсыз?
– Біз бір-бірімізге деген құрметімізді күнде айтып, тату көршілігі мен сенімді жолдастығы үшін бір-бірімізге күнде разылығымызды білдіруіміз керек. Бірақ күнде қайталайтын болсақ, бұл асыл дүниемізді аяқасты етіп аламыз. Сондықтан бір күннің белгіленгені дұрыс деп санаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне белгіленген осы күні бір-бірімізге алғысымызды айтып, татулық, үндестік, сенім мен құрметі үшін жанымыздағы барлық жандарға алғыс айтуымыз қажет. Әрине, ең алдымен осындай ахуалды қалыптастырған Елбасымыздың саясатына алғысымыз шексіз болуы тиіс. Бейбіт күнді бағалай білуіміз керек.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты
Әлем • Бүгін, 12:51
Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:12
Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:50
Павлодарда қанша адам онкологиялық ауруларға шалдыққан?
Аймақтар • Бүгін, 11:27
2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?
Экономика • Бүгін, 11:18
Астанада заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер үйқамаққа алынды
Қоғам • Бүгін, 10:54
Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді
Медицина • Бүгін, 10:49
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі
Қоғам • Бүгін, 10:47
Велоспорттан Азия чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 10:36
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Теңге • Бүгін, 10:18
2027 жылға қарай электр энергиясына деген ішкі қажеттілік толығымен жабылады
Үкімет • Бүгін, 10:00
12,3 млрд теңге шығын: Түркістан жолдары неге мерзімінен бұрын бұзылған?
Аймақтар • Бүгін, 09:58