Астанада елордалық Оқушылар сарайының базасында жеке меншік балабақша ашуға ниет танытқан бизнес-қоғамдастық өкілдері үшін «МЖӘ шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарды ашу бойынша кәсіпкерлердің бастамаларын құқықтық және косультациялық қолдау» тақырыбында ашық есік күндері өтті.
Шараның ұйымдастырушылары елорда әкімдігінің қолдауымен Білім басқармасы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесе отырып.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерге Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының, Бас прокуратураның, «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктерінің және екінші деңгейді банктердің құрылымдық бөлімшелерінің мамандары «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді.
Таңғы сағат 9-дан бастап жеке меншік мектепке дейінгі ұйым ашуға ниетті кәсіпкерлерге аталған ұйымды ашу әрекеттерінің кезектілігі туралы ақпарат берілуде. Сондай-ақ, бизнесмендерге мектепке дейінгі мекемені ашу және оның ары қарай жұмыс істеуі үшін қойылатын талаптардың тізімі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру ережелері түсіндіріліп, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде балабақшаларды қолдау және дамыту бойынша консультациялар берілуде. Қызығушылық танытқан тұлғалардың дені - әйелдер, дейді шараның ұйымдастырушылары.
«Астана қаласының әкімдігі бірнеше бағдарламаны іске қосты, солардың бірі - «Старт-бизнес Астана». Аталған бағдарламаның шеңберінде ісін енді бастаған кәсіпкер екінші деңгейлі банктерден 8/5% мөлшерлемемен несие ала алады. Оған қоса, «Бизнестің жол картасы - 2020» шеңберінде мектепке дейінгі оқуды ұйымдастыру жобасын іске асыруда көмек көрсете аламыз. Сондай-ақ, егер кәсіпкер балабақша салса, жол картасының шеңберінде оған барлық мемлекеттік органдардың тексерісінен өткен соң тегін инфрақұрылым беріледі. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің шарттары өзара тиімді. Мемлекет балаларды қамтиды, жаңа жұмыс орындары ашылады, салық түседі, ал кәсіпкер өз бизнесін дөңгелетіп, кірісін көбейтіп, мүмкіндіктерін арттырады», - дейді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Әлия Қожабаева.
Ведомство мамандарының айтуынша, бүгінгі күні Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттен қолдау тапқан 30-дан аса мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Олардың ішінде 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болған бір жоба бар.
Атап өтерлігі, акция өткен бір сағаттың ішінде мамандарға жүзден аса кәсіпкер жүгінді. Азаматтардың белсенділігін ескере отырып, елорда әкімдігі мұндай шараларды жүйелі түрде өткізіп тұрмақ.
• 28 Ақпан, 2017
Елордалық кәсіпкерлерге жеке меншік балабақша ашу жолдары түсіндірілді

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32