Көлеңкелі экономиканы азайту, құрылыс барысына мониторинг жүргізуді күшейту, бюджет қаражатын оңтайлы пайдалану мақсатында Қаржы министрлігі құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеуді енгізуді ұсынды. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады, деп жазады primeminister.kz.
Министрдің айтуынша, ұлттық статистика органдарының ресми мәліметтері бойынша Қазақстанда көлеңкелі экономика көлемі ІЖӨ-нің 20% кем емес. Оның басты құраушыларының бірі мемлекеттік сатып алулар кезінде жалған кәсіпорындар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы бюджет қаражатын жұмсаумен байланысты қылмыстар болып табылады. Мұндайда бөлінген ақша қаражатының үштен бір бөлігі «құрылыс» және «сауда» салаларына тиесілі.
Бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алулар туралы заңды бұзудың басым үлесі құрылыс саласына тиесілі. МКК мәліметтері бойынша 2016 жылы 380 қылмыстық істің 115-і құрылыс саласына тиесілі, бұл 30,2% құрайды.
Жоғарыда аталған олқылықтарды жою мақсатында құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу енгізіледі, бұл төлемдердің айқындығы, салықтың толық төленуін, құрылыс сапасын бақылауды, бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды, қазақстандық құрауышты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Құрылыс саласында мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу тетігі мемлекеттік органдармен, бизнес қауымдастығымен халықаралық тәжірибені және квазимемлекеттік және банк секторындағы есепшоттарды бақылаудың қолданыстағы тетіктерін талқылауды ескерумен әзірленді», - деп атап өтті Б.Сұлтанов.
Халықаралық тәжірибені ескерумен алғаш рет тәжірибеге жобаны басқаратын супервайзерлер (инжинирингтік компаниялар) қызметтері тартылатын болады, олар құрылыс сапасын ғана емес, барлық шығындардың негізді жұмсалуын қадағалайды.
Биыл бұл тетік үш аймақта (Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында) апробацияланатын болады. Қазынашылық сүйемелдеуді енгізу бойынша Жол картасы бекітілді. Пилоттық жобаны енгізу қорытындылары бойынша құрылыс саласында мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеуді нормативтік бекіту үшін ҚР заңнамасына түзетулер пысықталатын болады, деп түйіндеді сөзін министр.
Еске салайық, Мемлекет басшысы ««Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру негізгі міндетін қойды.

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 19:05
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Бүгін, 18:42
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 18:00
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 17:52
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 16:12
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қоғам • Бүгін, 16:07