Белгілі сарапшы, HBO телеарнасының қызметкері Харольд Ледерман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен дәл осы салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Бұл орта салмақтағы екі мықты боксшының арасындағы жекпе-жек болмақ. Головкин әрине өз салмағындағы ең үздік былғары қолғап шебері. WBO белбеуінен басқасының бәріне қол жеткізген. Соққысы мығым, қарсыласына дәл тигізер болса, оңай болмасы анық. Кәсіпқой бокста да, 300-ден астам кездесу өткізген әуесқой бокста да нокдаун алмаған. Көпшілік оны pound-for-pound рейтингінде бірінші нөмірлі боксшы деп есептейді», – деді Харольд Ледерман.
«Джейкобс та мықтылардың бірі. Әрине, қатерлі ауруды жеңіп, шаршы алаңға шығу да оңай жұмыс емес. Бойындағы ерік-жігері еріксіз таң қалдырады. Қолдары ұзын, жылдам қозғала біледі. Қорыта айтқанда бізді керемет жекпе-жек күтіп тұр», – деді сарапшы.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бокс кешін елімізде «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 19:05
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Бүгін, 18:42
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 18:00
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 17:52
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 16:12
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қоғам • Бүгін, 16:07