Футболдан Қазақстан чемпионатының 2017 жылғы Суперкубогы биыл Алматы қаласында өтеді. Мұндай шешім өткен жылдың соңында Қазақстан Кәсіпқой футбол
лигасының отырысында қабылданған болатын.
Қазақстан Суперкубогының тарихы 1995 жылдан басталады. Еліміздің алғашқы суперкомандасы болып Семейдің «Елімайы» атанды. Бір қызығы, Алматыдағы ойында «Елімай» мен «Восток» кездесті. Екеуі де шығыс өңірінің командалары еді. Бірақ ол кезде Семей мен Шығыс Қазақстан жеке-жеке облыс болатын.
Осыдан кейін Суперкубок ойынын жанкүйерлер тек 2008 жылы ғана тамашалай алды. Бірнеше жыл үзіліс болды. Бұл жолы сол кездегі еліміздің қос мықтысы «Ақтөбе» мен «Тобыл» жолықты. Алғашқысы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Тек, 2009 жылы ұйымдастырылмады демесеңіз, Суперкубок сыны 2010 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Жеті жыл қатарынан Қазақстан Суперкубогын өткізу құқығына Астана қаласы ие болды. Биыл енді араға 9 жыл салып, қайтадан Алматыға оралып отыр. Кездесетін командалар дәл қазіргі кездегі еліміздің қос мықтысы – «Астана» мен «Қайрат».
Бұл екі команда осымен үшінші жыл қатарынан ел Суперкубогын сарапқа салады. Бұған дейін бір-бірін кезек-кезек ұтқан еді. 2015 жылы «Астана» чемпионы атанғанда кубокты Елбасының өзі табыстаған-ды.
Былтыр «Астана» Суперкубокта есе жібергенімен, ел чемпионаты мен Қазақстан кубогы секілді маңызды жарыста «Қайраттың» алдын орап кетті. Ал биыл кәнігі қарсыластардың жекпе-жегі қалай аяқталатынын 4 наурыз күні білетін боламыз.
Екі команда сапында жаңадан келген ойыншылар бар. «Астанаға» биыл Иван Маевский, Аздрен Лулаку, Роман Мұртазаев секілді футболшылар келді. Ал Малый, Каньяс, Деспотович, Асхат Тағыберген, Нұрғалиев командадан кетті.
«Қайратқа» қысқы трансферлік үзіліс кезінде Елдос Ахметов, Георгий Жуков, Иво Иличевич қосылды. Командадан кеткендердің қатарында Тавамба, Тимощук, Дарабаев, Сидельников бар.
Қазақстан Суперкубогының жеңімпаздары:
1995 жылы: «Елімай»
2008 жылы: «Ақтөбе»
2010 жылы: «Ақтөбе»
2011 жылы: «Локомотив»
2012 жылы: «Ордабасы»
2013 жылы: «Шахтер»
2014 жылы: «Ақтөбе»
2015 жылы: «Астана»
2016 жылы: «Қайрат».
Диас ЕРКЕБҰЛАН,
журналист
АСТАНА

Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Бүгін, 20:30
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Бүгін, 20:10
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 19:05
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Бүгін, 18:42
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 18:00
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 17:52
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14