Қою қараңғылық... Қара киімді қайыс қара жігіт... Сахнаның бастапқы сұсы мен ондағы сұлбалардың өзі сол бір кезеңнің суық ызғарын естіріп өтеді. Діні мен тілінен, жері мен елінен айрылудың, мәңгүрттенудің не екенін түсінетін тергеушінің жан күйзелісі мен жанашырлығы, сондай-ақ қызметтік міндеттілігі қатар келіп, аласұра түседі.
Ал, тергеу столындағы Әлихан сұсты, сабырлы да қайсар. «Тірі болсам хан баласында қазақтың өтелмеген ақысы бар, сондықтан қазақ үшін қызмет етпей қоймаймын... тіпті жанымды алса да...» деп, ұлтына жақсылық жасауды мойнына парыз еткен ер қайтсем қазақтың ділі мен дінін сақтап, теңдігіне қол жеткізем деп тістенеді. Арман да көп, ой да көп, бірақ, амал нешік! Темір тордың арғы жағында кіжінгенмен, қолынан келер қайраны бар ма?!
Сұрақты саудыратқан тергеушіге әліппе үйреткен баладай етіп, алдына қойған арман-мақсаттарын ежіктей түсіндірген Әлихан тордың аржағынан алысқа көз тастайды... Міржақып пен Ахмет бастаған қазақтың арыстандай айбатты ұлдарымен ақылдасып, алып арманға бет алған кездер еді-ау ол! Алып арман – алыс арман еді, алыс арманның жақын келіп, жылмия күліп, бұлаң еткен кездері есте.
«Ұлттық мүддені ең басты мақсат еткен жалынды жігіттердің тауы біразға дейін шағылмады – қиындыққа кезікті мойымады, керісінше шынықты, алдау мен арбауға түсті – түпкі ойдан адаспады, қорлық пен зорлықтың кезі келіп, оның ащы дәмін татып жатыр емес пе?! Тек түбінің қайырын бергей...» Бірақ, алдында не күтіп тұрғаны белгісіз Әлихан өзі жете алмаған шыңға жетуді, өзі орындай алмаған іс-әрекетті орындауды ұстаз-досы Ахметке аманаттады. Әлиханның аманаты мен арманы алыс болашаққа жылжыды...
Бұл жас драмтург Н.Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» қойылымының қысқаша сюжеттік желісі. Ақтаулық режиссер, «Тарлан» сыйлығының лауреаты Г.Мерғалиева қойған тарихи драмалық қойылым Алашорда тарланы Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш зиялыларының рухтарына, сондай-ақ Алашорданың 100 жылдығына арналды.
– Әлихан тақырыбы, Алашорда тақырыбы оңай тақырып емес. Автор қаншалықты ізденген болса, біз де қойылымға «жан бітіру» үшін біраз тер төктік, талай уақытты театрда, сахнада өткіздік. Ақтау театры – жас театр, осы жас театр ашылған кезде жұмысқа келген жас әртістердің алды қазір өз ісінің әбден машықтанған, ысылған шеберлеріне айналып үлгерді, талай айтулы бәсекелерде топ жарып, бәйге салды, – дейді режиссер Гүлсина Бақытжанқызы.
Режиссердің әртістерін бес саусағындай танитыны белгілі. Айтса айтқандай, Әлиханның рөлін ойнаған Медғат Өмірәлиевтің шеберлігіне көпшілік куә. Ә.Бөкейхановтың жан-дүниесі мен арман-тілегін жан-жүрегімен сезіне ойнаған әртіс қойылымның көркемдігін көтеріп, тақырыптың шынайы ашылуына, басты кейіпкер мен көрермендердің үнсіз ұғынысуына қол жеткізе алды.
«Елім, жерім» деген қазақ тұлғаларының қудалауға түсіп, жойылуы – халқымыздың жазылмайтын жан жарасы. Осы жара жанын сыздатқан көрермендер көздеріне жас алып тарасты.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Бүгін, 20:30
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Бүгін, 20:10
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 19:05
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Бүгін, 18:42
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 18:00
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 17:52
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14