Digital • 30 Қаңтар, 2026
Стартап олжасы – 80 миллион доллар
Инженер Ерзат Дулат негізін қалаған «Higgsfield» жасанды интеллект стартабы инвесторлардан 80 миллион доллар көлемінде инвестиция тартты. Осылайша, компанияның бағалануы 1,3 миллиард доллардан асып, ресми түрде «юникорн» санатына енді. Бейне контент өндіру саласына жаңа серпін әкелген жобаның соңғы инвестициялық айналымына «Accel», «GFT Ventures», «Menlo Ventures» секілді жетекші венчурлық қорлар қатысты.
Футбол • 30 Қаңтар, 2026
Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойынын аяқтады. Сегіз матч өткізген ел чемпиондары 1 ұпайды місе тұтты.
Таным • 30 Қаңтар, 2026
Берлин қаласында орналасқан Еуропа мәдениеттері музейінің қорында қазақ тарихына қатысты бірталай жәдігер бар. Соның арасында қазақтар бейнеленген бірнеше картина сақталған. Бұл картиналарды 1844 жылы Бөкей ордасында болған Вильгельм Кизеветтер деген неміс суретшісі салған.
Теннис • 30 Қаңтар, 2026
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің финалына шықты. Жартылай финалда ол АҚШ теннисшісі Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 есебімен ұтты.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2026
Түйе сүті мен тарыдан – дәмді кофе
Дертке дауа табиғи түйе сүті кофе дайындауға қолданыла бастады. Маңғыстауда жаз айында ашылған «Бота» кофеханасына келушілер саны артып келеді. Өйткені ерекше және жаңа тәсілмен, табиғи таза сүтпен дайындалған кофенің дәмін татуға қызығатындар көп.