Ғылым • 07 Сәуір, 2026
Шикізаттан композитті өнімге дейін...
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі Металлургия және кен байыту институтының тарихы өте бай. Аталған ғылыми орталық алғашқы құрылғаннан бастап еліміздегі жоғары таза металдар мен перспективалы материалдар алу саласында іргелі және қолданбалы бірегей зерттеулер жүргізіп келеді. Осы жылдары қаншама технологиялық жобалар әзірленді. Ғылыми жаңалықтар ашылды. Сондай-ақ металлургиялық үрдістер теориясының дамуы мен әлемдегі түсті металлургия кәсіпорындарында қолданылатын прогрессивті технологияларды жасауға ықпал етті.
Театр • 07 Сәуір, 2026
Театр өнерінің шығармашылық тынысын кеңейтіп, жаңа қойылымдардың көркемдік деңгейін саралауға бағытталған дәстүрлі «Алтын сақа-2026» VIII театрішілік жаңа қойылымдар фестивалі биыл айрықша мазмұнда өтті. Бұл жолғы өнер додасы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, ұжым тарихындағы маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды.
Мәдениет • 07 Сәуір, 2026
Жаңарған музей – жаңғырған тарих
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі күрделі жөндеуден кейін жаңа келбетке еніп, қала тұрғындары мен қонақтарына рухани есігін қайта ашты.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Назарбаев университетінде «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар: қоғамдық құндылықтар дискурсы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оны аталған жоғары оқу орнындағы Қазақ тілі және түркітану кафедрасы ұйымдастырды.
Ғылым • 07 Сәуір, 2026
Гранттық қаржыландыру: Сан сапаға қашан айналады?
«Ғылым комитеті 2025 жылы 29 қыркүйекте жарияланған 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының 2025 жылдың 10 қарашасына дейін ұзартылғанын хабарлайды». Ғылымнан алыс оқырман осы хабарландырудан қандай да бір кілтипан көрмеуі кәдік. Ал жалақысы, жұмысының болу-болмауы грантқа тәуелді ғалымға алаңдатарлық-ақ ақпарат. Шын мәнінде мұндай конкурс сәуірдің 15-іне дейін жарияланып қоюы керек. Дәл осы жерден тұтас жүйе күрмеле бастайды.