Саясат • Бүгін, 08:05

Президент тапсырмасына сай экономиканы ырықтандыру жайы пысықталды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов орталық мемлекет­тік органдардың, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ басшыларының қатысуымен Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Президент тапсырмасына сай экономиканы ырықтандыру жайы пысықталды

Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы одан әрі ырық­тандыру мен бәсекелестікті дамыту, оның ішінде тауар және цифрлық нарықтардағы кедергілерді жою, денсаулық сақтау, байланыс, электр энергетикасы, табиғи монополиялар қызметтері саласындағы реттеуді жетілдіру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Комиссия Мемлекет бас­шы­­сының «Экономиканы ырық­тан­дыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орын­далу барысын қарады. Басым бағыттардың бірі – дәрі-дәрмектерді нарық­қа шығару мерзімін 3–5 жылдан 100 жұмыс күніне дейін қысқарту. Денсаулық сақтау министрлігі препараттарды тіркеу мен сараптамадан өткізудің негізгі кезеңдерін бірік­тіретін «бірыңғай терезе» қағи­даты бойынша композит­тік мемлекеттік қызметті ен­гізіп жатыр. Халықтың инно­ва­циялық медицинаға кең ауқымда қол жеткізуін әрі технологиялар трансфертін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия түпкілікті цифрландыруды жүргізу және сатып алудың барлық негізгі тізбесіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қатар енгізу мәселесін қарады.

Деректерді Сәйкестендіру код­тарының базасына ен­гізуге қажетті мобильді құрыл­ғыларды верификациялау мә­селесіне де назар аударылды. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифр­лық даму министрі Жаслан Мәдиев «Телекоммуникациялар нары­ғын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту туралы» заң жобасы шеңберінде жүргізіліп жат­қан іс-шаралар туралы баян­да­ды. Верификация рәсімін заң­нама арқылы нақ­ты бекіту тіркеу жү­йесінің орнық­тылығы мен цифр­лық инфра­құрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Одан бөлек электрондық құжат айналымы жүйелері нарығын дамыту және цифрлық секторда бәсекелестік ортаны қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыс туралы хабарланды.

Инвестиция тарту, жаңа қуат­тарды іске қосу, тарифтік жүк­темені теңестіру мақсатын­да енгізілген Электр энергия­сын бірың­ғай сатып алушының жұмы­сына қатысты сұрақ­тар, сон­дай-ақ теміржолдағы кіреберіс жолдардағы түйткіл­ді мәселелерді жою жайы талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07