Қаржы • 07 Сәуір, 2026
Елімізде азаматтардың зейнетақы жинағының қоры биылғы 1 наурыздағы есеп бойынша 26,87 трлн теңгеден асты. Кейінгі бір жылдағы өсім – 4,19 трлн теңге (18,5%).
Бағдарламалар • 07 Сәуір, 2026
Жастарды жігерлендірген бағдарлама
Астана, Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларға қоныс аударған жастардың бірден жоғары жалақы ұсынатын жұмыс тауып, орнығып кетуі екіталай. Тұрақты жұмысы болса да, тапқаны жалдаған пәтерінен артылмайтын жастарға, жас отбасыларға мемлекет қажетінше қолдау көрсетіп келеді. Соның бірі – 2019 жылы іске қосылған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы. Талай жастың арманына қанат байлаған бағдарлама осы аралықта міндетін толық орындады деп айтуға болады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Ұлытау облысының құрамына бар болғаны екі аудан кіреді. Соның бірі – Ұлытау ауданы. Ауданға кейінгі үш жылда 46 отбасы 166 мүшесімен қоныс аударды. Ал биылдың өзінде аудан орталығы Жезді кенті мен Егінді, Қарсақбай ауылдарына алғашқы ерікті түрде қоныс аударушылар келе бастады.
Өндіріс • 07 Сәуір, 2026
Өндіріс инновация арқылы өркендейді
Астанадағы «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында өткен VII халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair 2026» көрмесі өнеркәсіптің технологиялық жаңғыру үдерісін жеделдетуге бағытталған маңызды оқиға ретінде айқындалды. Машина жасау мен металл өңдеу саласына арналған бұл алаң өндіріс, ғылым мен инженерлік ойды тоғыстырып, жаңа серіктестік байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Энергетика • 07 Сәуір, 2026
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов келесі жылға қарай ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатқанын айтты. Курчатовта жаңа станса, Екібастұзда МАЭС-3 салу жоспарланған. Қолданыстағы нысандарды жаңғырту да жалғасып жатыр. Бұған қоса Көкшетау, Семей мен Өскеменде үш жаңа жылу электр орталығы 2032 жылға дейін салынады. Жобаларға «Самұрық-Қазына» тапсырыс беруші ретінде қатысады.