Театр • Бүгін, 08:53
Халық қошеметіне бөленген қойылым
Қасиетті Ертіс-Баян өңірінің рухани ордасы іспетті Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының биылғы гастрольдік сапары Талдықорған өңірінен бастау алған еді. Осы өнер сапары 8-10 сәуір күндері Алматы қаласында жалғасты.
Руханият • Бүгін, 08:50
Көңілдің кейбір кездерінде қайталап оқығың келетін кітаптар болады. Қарап тұрсақ, бұл да бір жақсы әдеттен туған «ауру» екен. Араға біраз уақыт салып, талай рет оқыған сол шығармаға аңсарың ауып тұратыны қызық. Бұл аңсар кейде мезгілмен келеді. Күздің қоңыр салқынында себепсіз Сайынды оқығың келетіні сияқты.
Өнер • Бүгін, 08:45
Толық аншлаг: NU студенттер оркестрінің концерті 1500 көрермен жинады
Nazarbayev University-дің студенттер оркестрі (NU Orchestra) еліміздің симфониялық музыка тарихында жаңа бет ашты. Ғылым қызметкерлері күніне орай шығармашылық ұжым елордадағы бірегей сахнаның бірі – Бейбітшілік және келісім сарайында жеке концерт қойды. Ауқымды іс-шараға көрермендер айрықша қызығушылық танытты. Оған 1500 адам жиналды. Концерт толық аншлагпен өтті.
Таным • Бүгін, 08:43
Академик Ғарифолла Есім «ұлы» деген сөзді ұқыпты жұмсау керектігін айтады. Не дегенмен, осы бір айқындауышты ақынға да, батырға да теліп, «ұлы» сөзінің қасиетін түсіріп алғанымыз рас. Асылында, ұлылық – Жаратушының метафорасы еді. Ал Жаратушы – абсолют ұғым. Бұл тақырыптың соншалық тереңдігін Ибн Арабидің «Фусус әл-хикам» (Даналық сипаттары) деген кітабынан анық аңғардық.
Қоғам • Бүгін, 08:40
Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы
Интернет алаяқтардың айласы әшкере болған сайын олар астыртын схемаларды ойлап тауып жатыр. Мәселен, қазір алаяқтар тыйым салынған қаржы пирамидаларының жұмысын Тұтыну кооперативтері арқылы жүргізіп, азаматтардың миллиондаған ақшасын жымқырып, сан соқтырып отыр. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, кейінгі екі жылда қаржы пирамидаларынан 3 мыңнан аса адам зардап шеккен.