Саясат • 07 Сәуір, 2026
Қытай блогері «Достық» орденімен марапатталды
Миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы оған Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
Саясат • 07 Сәуір, 2026
Парламентаралық диалог: Жоғары деңгейдегі сенім мен түсіністік
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бұхарада Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысты.
Сенат • 07 Сәуір, 2026
Ауыл шаруашылығын цифрлық бақылауға алу қажет
Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялау жайы талқыланды. Сондай-ақ депутаттар, сарапшылар мен Үкімет бірлесіп атқаратын алдағы жұмыстың маңызды міндеттері айқындалды.
Спорт • 07 Сәуір, 2026
Көркем гимнастикадан Францияның Тьесінде ұйымдастырылған Гран-при турнирінде Ақмарал Ерекешева қола медальға қол жеткізді. Көп сайыста ол 106,900 ұпай жинады. Бұл жаттығуда алғашқы екі орынды беларусьтік Алина Горносько (112,200 ұпай) мен ресейлік Мария Борисова (110,350 ұпай) иеленді.
Саясат • 07 Сәуір, 2026
Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Депутаттар 9 сәуірдегі палата отырысының күн тәртібін айқындады.