Спорт • Бүгін, 09:15
Ереванда самбодан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды. Арнұр Қуантай (71 кг) қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжаласа, Жандос Бейсенбаев (71 кг), Еламан Қойшыбаев (98 кг), Темірлан Көлбай (98 кг) күміспен күптелді.
Қоғам • Бүгін, 09:10
Биік бауырластықтың аманат жыры
Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Юнус Емре – Шәкәрім: Түркі халықтарының рухани бірлігі» атты халықаралық симпозиум өтті.
Күрес • Бүгін, 09:05
Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәреге жетті. Биыл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындары мен Бахрейнде жалауы желбірейтін әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатқан еліміздің ұлттық командасы Қырғызстанға қосалқы құрамдағы балуандарын жіберді. Күрестің үш түрінде күш сынасқан 30 жерлесіміздің жетеуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді.
Әдебиет • Бүгін, 09:00
Әдебиет және әдебиеттанушы мерейі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ақын, әдебиеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Әскербекқызының мерейтойына арналған «Заманауи әдебиеттанудың теориялық мәселелері және структуралистік-феноменологиялық зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Тұлға • Бүгін, 08:55
Қазақ поэзиясында өзіндік өрнегімен, айрықша үнімен дараланған Шөмішбай Сариев – ұлттық сөз өнерінің көгінде еркін самғаған тұлғалардың бірі. Оның болмысын терең таныған Ғафу Қайырбековтің «қос қанатты ақын» деген теңеуі – сөз зергерінің шығармашылық табиғатын дөп басқан анықтама. Бір қанаты – жанды тербеген лирикалық жырлар болса, екінші қанаты – ел арасына кең тарап, халықпен бірге тыныстаған ән-өлеңдері. Осы қос арна тоғысып, Шөмішбай поэзиясын биікке самғатты.