Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Қызылордадағы қайта салынған Президент паркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында бой көтерген саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед, жүгіру жолақтары бар.
Туризм • 07 Сәуір, 2026
Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан
Еліміздің басты туризм бағыттарының бірі саналатын әулиелі, әмбиелі Түркістан топырағына шет мемлекеттерден, еліміздің басқа өңірлерінен келушілер қатары жылдың қай мезгілінде де толастаған емес. Өңірде туризм саласын дамыту бағытында ауқымды іс атқарылып жатыр.
Руханият • 07 Сәуір, 2026
Бүгінде еліміз оны ерекше даусынан таниды. Көрнекті қаламгер Тәкен Әлімқұлов: «Сөздің суреті, үні, бояуы, дәмі болады» дейді. Жазушы Мархабат Байғұт дауыстың да түсі барын, түрлі-түске енетінін айтқан. Осы тұрғыдан келгенде біздің бүгінгі кейіпкеріміз жұртшылықты құлаққа жағымды әуезді даусымен баурап алғаны сөзсіз.
Әдебиет • 07 Сәуір, 2026
Осымен төртінші рет өтіп отырған «Қарағанды көктемі» поэзия фестивалі биыл әдеби сын жанрына арналды. Былтыр проза жанры қаузалған. Бұдан ұйымдастырушылар Қарағанды қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды филиалы әр жылы шамасынша әдебиеттің бір саласын қамтуға тырысып келе жатқаны байқалады.
Пікір • 07 Сәуір, 2026
Былтыр Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев озық ойлы ұлтқа айналу үшін елдің жаппай оқу мәдениетін қалыптастыру керектігіне тоқталған еді. Артынша eGov порталында жалпыхалықтық сауалнама жүріп, «Оқитын ұлт» атты ауқымды жоба аясында таңдаулы 100 кітапты анықтадық. Десе де, содан кейін аталған жүз кітапты қоғамның кәдесіне жарату жайы назардан тыс қалған жоқ па?