м
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 70 адамды тұтқындады
2025 жылы Қазақстанның арнайы қызметтері ел аумағында әрекет еткен 20 қарулы қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл топтар кісі өлтірумен, бопсалаумен және есірткі бизнесімен айналысқан. Тергеу барысында ауыр қылмыстарға қатысы бар 70 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026
Зейнетақы қаржысын алу үшін дәрігерлер жалған қорытындылар жасаған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қаңтар, 2026
Шорт-трекшілер Олимпиада ойындарына дайын ба?
Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы уақыт қалды. Осыған орай елордалық шорт-трекшілер дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Оралда 300 «ақылды» камера іске қосылды
Орал қаласында 300 «ақылды» камера іске қосылды. Енді қала көшелері, аулалар мен жол қиылыстары жасанды интеллекттің тәулік бойғы бақылауында болады. Қалалық бейнебақылау жүйесі ЖИ-ге біріктірілді. Сынақтан өткеннен кейін бұл технология Батыс Қазақстан облысы аумағында кезең-кезеңімен енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Қаңтар, 2026
Жәбірленушілерге 300 млн теңге қайтарылды: «HAS» пирамидасының құрбандары кімдер?
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қаңтар, 2026
Президент бірнеше маңызды кодекс пен заңға қол қойды
Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше кодекс пен заңға қол қойғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Сарандық отбасы қалалық Мәдениет үйін бейнелейтін тоқаш пісірді
Саран қаласында тұратын суретші Виктория Лаппаның отбасында жыл сайынғы ерекше дәстүр бар. Ол әр жаңа жылда тоқаш үй пісіруді әдетке айналдырған. Биыл отбасы қалалық Мәдениет үйі пішініндегі ерекше тоқаш үй жасап, жергілікті пабликтердің назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді
Алматыдағы Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешімімен сүрілді. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 09 Қаңтар, 2026
Жапониядағы станцияға мысық бастық тағайындалды
Жапонияның Киси станциясында Wakayama Electric Railway компаниясы жаңа бастықты таныстырды. Бұл қызметке Ентама есімді мысық тағайындалды. Пырылдауық қызметкерді таныстыру рәсімі өте салтанатты түрде өтті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 09 Қаңтар, 2026
ТМД-да баламасы жоқ: Алматы тауларында ерекше құтқару кешені ашылды
Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында, теңіз деңгейінен 2 260 метр биіктікте Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әмбебап бөлімшесі жұмысын бастады. Нысанды министр, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов ашты. Министрліктің мәліметінше, бұл бөлімше ТМД елдерінде баламасы жоқ сипаттамаларға ие, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Ақтөбеліктер жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Ақтөбеліктер енді жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын Яндекс Go қосымшасы арқылы бақылай алады. Бұрын мұндай мүмкіндік тек браузердегі картада сілтеме арқылы ғана қолжетімді болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Астанада Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының төртінші отырысы өтеді
Бүгін Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Алматы жұрты актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды
Ұзақ меңдеген қатерлі ісіктен көз жұмған актер Мұрат Бисембинді бүгін алматылықтар ақтық сапарға шығарып салды. Актермен қоштасу рәсімі Алматыдағы Орталық мешітте өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Венесуэладағы және Ирандағы болып жатқан жағдайларға байланысты мұнай бағасы екінші күн қатарынан қымбаттап, үшінші апта қатарынан өсім көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Конгрестің келісімінсіз Венесуэлаға шабуылдауға болмайды: Сенат Трампқа шектеу қойды
АҚШ Сенаты президент Дональд Трамптың өкілеттігін шектеу бағытында қадам жасап, екі партия өкілдері қолдаған резолюцияны қабылдады. Бұл құжат Конгрестің алдын ала келісімінсіз Венесуэланың «ішінде немесе оған қарсы» әскери күш қолдануға тыйым салады. Заң жобасын 52 сенатор қолдап, 47 сенатор қарсы дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2026
Жетісуда адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қаралды
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айып тағылған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 09 Қаңтар, 2026
Тауарын теміржол арқылы тасыған кәсіпкерлердің шығыны өтеледі
«Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына» өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 09 Қаңтар, 2026
«Washington Post» Маңғыстау туралы мақала жариялады
Америкалық журналист Дженнифер Мюллер Маңғыстауға жасаған сапарынан кейін, «Washington Post» газетіне көлемді мақала жариялады. Тілші аталған өңірдің табиғи ерекшеліктері мен тарихи баянын тақырып етті. Автор Маңғыстаудың жақпар-жақпар жартастарын АҚШ-тағы Монумент-Вэлли ұлттық паркімен салыстырып, жоғары баға берген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
«ҚазМұнайГаз»: Шымкент мұнай өңдеу зауытынан отын ұрланған жоқ
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытынан заңсыз отын жөнелтілгені туралы БАҚ-та тараған ақпаратты теріске шығарды. Аталған компанияның ЖШС «ПКОП»-қа қатысы жоқтығы және зауыт аумағынан тыс орналасқаны мәлімделді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Қаңтар, 2026
Әуезов театрындағы қайта жаңғырту жұмыстары тоқтап қалды ма?
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтап тұрғаны туралы хабарлар тарап жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026
Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды
Қазалы ауданында біреудің малын ұрлап, оны сойып жатқан екі күдікті ұсталды. Қазір олардың басқа да мал ұрлықтарына қатысы тексеріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Қаңтар, 2026
Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 9 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Қаңтар, 2026
Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды
Полиция Жангелдин ауылында қаза тапқан ерлі-зайыптылардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 08 Қаңтар, 2026
Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді
Шымкент қаласында жағымсыз иіс мәселесі қайта ушықты. Соңғы үш күннен бері қаланы басқан тұманмен байланысты түрлі болжамдар айтылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Қаңтар, 2026
ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді
Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда • 08 Қаңтар, 2026
Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада 10-11 қаңтар аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Елімізде тек шетелдіктер кіре алатын казинолар салынады
Туризм саласын дамыту мақсатында еліміздің бірқатар өңірінде ойын аймақтарын салу мүмкіндігі бойынша әлеуметтік-экономикалық зерттеу жүргізілді. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, жаңадан салынатын ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қызмет көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Алматыда шетелдік азамат есірткімен ұсталды
Алматы қаласында полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстаған. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ұсталғандардың бірі шетелдік азамат болып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Сеулден Астанаға бет алған ұшақ Бейжіңге шұғыл қонды
Бүгін Сеулден Астанаға бағыт алған KC210 рейсінде ұшақ дәретханасы істен шығып, Air Astana әуе кемесі Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.