Үкімет • Бүгін, 13:24

«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. Жиында бірқатар көрсеткіштердің орындалуы кешеуілдеп отырғаны айтылып, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеген лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралатыны ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады

Фото: primeminister.kz

Қаржыландыру мен жобалардың іске асуы

Бүгінде ұлттық жоба аясында мақұлданған жобалардың жалпы құны 974 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 34 жоба – іске асыру кезеңінде, 130 жоба – EPC-мердігерлерді айқындау сатысында және 145 жоба іріктеудің түрлі кезеңдерінен өтуде.

«Бәйтерек» холдингі мыңнан астам өтінімді қарап, екінші кезеңде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны келіскен. Соның ішінде:

  • 89 жоба – Қазақстанның даму банкі мен екінші деңгейлі банктер арқылы тікелей кредиттеу тетігімен;
  • 55 жоба – Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу тетігімен мақұлданған.

Әкімдіктердің ұлттық жобаны іске асыруға дайындығы бойынша рейтинг жасалды. Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары алдыңғы қатарда. Ал Маңғыстау мен Ұлытау облыстары әзірге артта қалып отыр.

Кәріздік-тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту бағытында 16 жоба толық іске асыруға дайын, тағы 6 жоба пысықтау және әкімдіктердің түпкілікті шешімін күту сатысында тұр.

Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің маңызды бағыты

Су жабдықтау саласында заманауи есепке алу жүйелерін енгізу үшін арнайы стандарттар әзірленді. Құжаттар Әділет министрлігінде тіркеуден өтуде.

ЭКСЖ электрондық сатып алу платформасы бойынша байланыс орталығы (8 7172 99-94-36) іске қосылып, осы уақытқа дейін 800-ден астам өтініш тіркелген. Қазіргі таңда платформаны Bitrix жүйесімен ықпалдастыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Жауапкершілік күшейтіледі

Қанат Бозымбаев бекітілген Жоспар-кестеге қарамастан, жекелеген көрсеткіштер бойынша артта қалу бар екенін атап өтті. Әр индикатор үшін жауапты мемлекеттік органдар белгіленген. Вице-премьер әрбір нысаналы көрсеткіш бойынша нақты әрі егжей-тегжейлі есеп беруді талап етті.

Мерзімдердің бұзылуы анықталған жағдайда жауапты тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралады.

Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне ТКШ Қазорталығымен және әкімдіктермен бірлесіп, 10 наурызға дейін электрондық платформада барлық конкурстарды жариялау, EPC-мердігерлерді толық тіркеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Әкімдіктерге мәслихаттармен бірлесіп, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару рәсімдерін жеделдету жүктелді. Қаржы министрлігі «ҚТК» АҚ-пен бірге жобаларды өтінім түскен сайын сүйемелдеуі тиіс. Ал «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға ай соңына дейін Дүниежүзілік банкті тарта отырып, кәріздік-тазарту жобаларын қаржыландыру келісімдерін жеделдету міндеті қойылды.

Жобалық кеңсе электрондық платформа жұмысына қатысты барлық өтініштерге жедел жауап беріп, қатысушыларға сатып алудың барлық кезеңінде техникалық және консультациялық қолдау көрсетуі қажет.

Ұлттық жоба энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды түбегейлі жаңғыртуға бағытталған. Ендігі міндет – бекітілген жоспарды уақытылы әрі сапалы орындау.

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі 15 жаңа жобаны жүзеге асырады

Соңғы жаңалықтар