Фото: Ашық дереккөз
Орналастыру шарттары: Бағдарламаға сұраныс жоғары
- Бір облигацияның номиналдық құны – 1000 теңге.
- Жоспарланған кірістілік мөлшерлемесі – шамамен жылдық 17,5%.
- Айналым мерзімі – 5 жыл.
- Купондық төлемдер – жылына 2 рет.
Егер сауда нәтижесінде кірістілік 17,5% деңгейінде бекітілсе, инвестор әр 6 ай сайын салынған соманың 8,75% мөлшерінде табыс алады. Бұл – тұрақты әрі болжамды кіріс көзі.
10 наурыздан бастап «Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Маңызды артықшылықтардың бірі – облигациялар бойынша алынған сыйақыға салық салынбайды. Бұл банк Қазақстан Республикасының қаржы агенттіктері тізбесіне енгізілгеніне және бағалы қағаздардың KASE ресми тізіміне кіруіне байланысты.
Банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, «Наурыз» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған және үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылып келеді.
«Осы уақытқа дейін 15 000 тұрғын қоныс тойын тойлады. Оларға қолжетімді несие беру үшін 500 млрд теңге тарттық. Биылдан бастап азаматтар бағдарламаға қатысып қана қоймай, оның инвесторы да бола алады», деді Ләззат Ибрагимова.
Енді облигацияларды заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалар да сатып ала алады.
Облигацияларды қалай сатып алуға болады?
Жеке тұлғалар облигацияларды брокерлік компаниялар мен олардың мобильді қосымшалары арқылы сатып алады. Атап айтқанда, Alatau City Invest, BCC Invest және Halyk Finance.
Сатып алу тәртібі:
-
Қосымшаны жүктеп, брокерлік шот ашу.
-
Шотты қаражатпен толықтыру.
-
«Отбасы банк» облигацияларын таңдап, параметрлерімен танысу.
-
Сатып алуға өтінім беру.
Әдетте өтінімдер 12 наурызға дейін алдын ала қабылданады. Нақты мерзімді брокерден нақтылаған жөн.
Заңды тұлғалар да өз брокерлері арқылы қатыса алады.