Әлем • Бүгін, 10:24

Түркия президенті Иран зымыранының жойылуына қатысты пікір білдірді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Иран аумағынан елдің әуе кеңістігіне қарай ұшырылған баллистикалық зымыранға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия президенті Иран зымыранының жойылуына қатысты пікір білдірді

Фото: Ашық дереккөз

Ердоған аймақ үшін күрделі кезеңде Түркия өз шекарасы мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін кездейсоқ жағдайлардың еншісіне қалдырмайтынын жеткізді.

Президенттің айтуынша, Анкара НАТО-мен тығыз ынтымақтастықта барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдап отыр және қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге дайын.

Түркия Иран азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды

Сонымен қатар ол Түркия тарапы мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін барынша қатаң ескерту жасағанын атап өтті.

«Түркияның мемлекет пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген табандылығы мен мүмкіндігі ең жоғары деңгейде», деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Иран аумағынан елдің әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық зымыран Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс күштері тарапынан залалсыздандырылғанын хабарлаған болатын.

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы сайланды

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:40