Әлем • Бүгін, 10:06

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 946 отандасымыз аман-есен жеткізілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік министрлігі 4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 946 отандасымыз аман-есен жеткізілді

Фото: Air Astana

Air Astana компаниясы Медина мен Жидда қалаларынан бірнеше рейс жасаған: 

  • KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды. Бортта 142 адам болған;
  • KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша ұшақ сағат 01:19-да қонған. Ұшақта 145 адам болған;
  • KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша әуе кемесі сағат 02:50-де қонған. Бұл әуе кемесімен 174 адам елге жеткен.
  • KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат ұшақ 03:34-те қонған. Аталған бағыт бойынша 179 адам елге оралған.

Дубай қаласынан 306 жолаушы елге оралды

Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсті жасап жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Бүгінге дейін елімізге Таяу Шығыс елдерінен 946 жолаушы қайтарылған.

Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізіледі

Министрлік Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар