Фото: Астана әкімдігі
Астана әкімдігінің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, пісірілген нан-тоқаштар, табиғи шырындар, джемдер және тағы басқа өнімдерді арзан бағада сатып ала алады.
Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда
«Іс-шара 7 және 8 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді. Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке орындарының жанында №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары жүреді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар жәрмеңкеге келушілер жаңа шыққан гүлдер мен мерекелік гүл шоқтарын ала алады.
Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады