Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Абай облысына қарасты Жарма ауданында «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды. Бұл жұмыс жас ұрпақтың төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, өмір қауіпсіздігінің негіздерін үйретуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 05 Қараша, 2025
Бұдан былай зейнетақы аударымының 5%-ы жұмысшының жеке шотына түсуі мүмкін
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер міндетті 10%-дық зейнетақы төлемінен бөлек, өз қаражаты есебінен жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына қосымша жарна аударуға міндеттелген. Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5%-ын құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін көтеріледі. Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов сол 5%-дың 4%-ын азаматтардың жеке шотына аудару ұсынысын тарқата айтты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 05 Қараша, 2025
Алматылық дәрігерлер жүрек ауруын емдеудің озық әдісін тапты
Соңғы жылдары дәрігерлерге кальцийленген артериялық атеросклероз диагнозы қойылған науқастар жиі жүгіне бастаған. Мұндай жағдайда қан тамыры қабырғалары қатайып, икемділігін жоғалтады да, стандартты баллондық ангиопластикамен оларды кеңейту мүмкін емес. Соған байланысты қалалық кардиологиялық орталық кальцийленген артерияны емдеудің озық әдісін енгізді.
Банк • 05 Қараша, 2025
Әмбебап банктерге ислам операцияларын жүргізуге рұқсат етілді
Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының бірінші оқылымы өтті. Жиында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова елімізде исламдық банкингті дамытуға бағытталған құқықтық база құрылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 05 Қараша, 2025
Солтүстік Африкадағы алпауыт компания Қазақстанға келуі мүмкін
Қазақстанның ғаламдық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі (KGIR-2025) аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шетелдік серіктестермен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Іс-шара барысында сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Полиция 18 мыңнан астам малды айыптұраққа апарып тастады
Мал иелерінің немқұрайлылығы көп жағдайда жол-көлік апатына себепші болып, қайғылы жағдайлар да тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 05 Қараша, 2025
Жошы ұлысы туралы бүгінгі ғалымдар не дейді?
Мармара университетінде «Алтын ордадағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Форумға Қазақстан, Ресей Федерациясы (Татарстан Республикасы) және Түркияның Алтын орда тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын зерттеп жүрген көрнекті ғалымдар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Қараша, 2025
Қазақстан мен Белорусь премьерлері қандай мәмілеге келді?
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Екіжақты тауар айналымын ұлғайту, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия және ЖИ саласындағы, сондай-ақ көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм сияқты тағы да басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 05 Қараша, 2025
ChatGPT енді медицина, құқық және қаржы салаларына қатысты кеңес бермейді
OpenAI компаниясы ChatGPT қызметіне жаңа шектеулер енгізді. Енді нейрожелі медицина, құқық және қаржы салалары бойынша нақты кеңес ұсынбайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 05 Қараша, 2025
Тұтынушылық несие және ипотека бойынша мөлшерлеме өзгеретін болды
Қазақстанда тұтынушылық және ипотекалық несиелердің пайыздық мөлшерлемелері қайта қаралады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованының айтуынша, жаңа әдістеме 2026 жылдың шілдесіне дейін әзірленіп, халық үшін несиелеу шарттарын жеңілдетуге бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 05 Қараша, 2025
Ресейден неше жолбарыс әкелінеді?
Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 05 Қараша, 2025
Елорданы қардан тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Астанада қар тазалау жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың 5 қарашасына қараған түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан шамамен 686 текше метр, яғни 60-қа жуық ауыр жүк көлігіне тең қар шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандайды
Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар дәрілік препараттардың бағасы төмендегенін мәлім қылды. Ведомство мәліметінше, бағасы арзандаған дәрілер – мемлекет тарапынан реттелетін препараттар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
1 желтоқсаннан бастап автокөлік сатып алу тәсілі қалай өзгермек?
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңа автолизинг бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Жаңа жүйе көлік алудың балама және ыңғайлы тәсілін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Ақтөбеде зейнеткер Ұлттық банк «қызметкерінің» қоңырауынан кейін пәтерін сатып жіберген
Ақтөбеде алаяқтардың арбауына түскен зейнеткер әйел бар жиған-тергенінен айырылды. Бейтаныс адамдар өзін мемлекеттік органдардың өкілі ретінде таныстырып, алдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қараша, 2025
17 млн теңге: Банктен жалған шот ашып берумен айналысқандар ұсталды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті (ҚМА) банктік шотты заңсыз иеленіп, рұқсатсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 05 Қараша, 2025
«Интер» шабуылшылары да қарапайым адам: Егор Сорокин матч туралы ойын айтты
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасынының жалпы кезеңіндегі кезекті ойынын Миландық құрама «Интерге» қарсы өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2025
АҚШ-та ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты
АҚШ-тың Кентукки штатында UPS авиакомпаниясына тиесілі McDonnell Douglas MD-11F жүк ұшағы Луисвилл қаласындағы Мұхаммед Әли атындағы халықаралық әуежайдан көтерілген соң көп ұзамай апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қараша, 2025
Тұран даңғылындағы тосын жағдай: Жүргізуші көлікті басқара алмай тұрғын үйге соғылды
Елордада жеңіл автокөлік тұрғын үй кешенінің қабырғасына соғылды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты №111 мектеп маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 05 Қараша, 2025
Мұнай компаниялары миллиардтаған теңге қосымша салық төледі
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұнай өндіруші компаниялар ел бюджетіне миллиардтаған теңге қосымша салық төлеген, деп жазады Egemen.kz.
Баға • 05 Қараша, 2025
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
5 қараша яғни бүгінгі күн бойынша Астана, Алматы қалаларында ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 05 Қараша, 2025
Күн бетінде екі қуатты жарылыс болды: Жерде дауыл орнауы мүмкін бе?
4 қарашаның кеші мен 5 қарашаның түнінде Күн бетінде Х деңгейіндегі екі ірі жарқыл тіркелді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қашықтықтан зондтау және Күн–Жер физикасы институттарының мамандары хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Видео • 05 Қараша, 2025
Алматыда қар молынан жауып, тұрғындар әбігерге түсті (фото, видео)
4 қараша күні Алматыда алғашқы қар жауды. Кенеттен түскен ақ ұлпа қала тұрғындарын әбігерге салды, ал коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Қараша, 2025
Қайтарылған активтер: Көкшетауда спорт кешені салынып жатыр
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталып қалды. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 05 Қараша, 2025
Жүргізуші 12 жастағы қызды қағып, өзі қашып кеткен
Алматыда Есенәлиев көшесінде күндізгі сағат 16:00 шамасында 12 жастағы қызды көлік қағып кеткені хабарланды. Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Баланы қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан бой тасалаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
5 қарашада қай тасжолдарда көлік қозғалысы шектеледі?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін Шығыс Қазақстан мен Түркістан облысындағы екі жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
Картоп тапшылығы: Баға тағы да қыспаққа ала ма?
Былтыр көкөністер, әсіресе картоп күрт қымбаттап, бағы құбылған еді. Биыл тағы сол олқылық қайталануы мүмкін бе? Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осы сұраққа жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Қараша, 2025
Ректор ҚазҰУ базасында қолөнер орталығының ашылатынын мәлімдеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «AI-Art: Бояудағы болашақ» атты шығармашылық пленэр ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2025
34 жастағы мұсылман жігіт Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланды
Нью-Йорк қаласының жаңа әкімін сайлау америкалықтар үшін ұлттық деңгейде назар аудартқан оқиғаның бірі болды. Көп күткен сайлаудың қорытындысы бойынша, ABC News арнасының дауыс беру нәтижелеріне жасаған талдауына сәйкес, 34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани қаланың келесі әкімі болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында заманауи ветеринариялық пункттің ашылуы өтті, деп жазады Egemen.kz.