Үкімет • 21 Қаңтар, 2026

Гидроэнергетикалық әлеуетті қалай арттырамыз? Елімізде бірыңғай цифрлық платформа құрылмақ

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі елдің гидроэнергетикалық әлеуетінің бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыру бойынша жұмысты бастап, оны ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаға интеграциялауды қолға алды. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гидроэнергетикалық әлеуетті қалай арттырамыз? Елімізде бірыңғай цифрлық платформа құрылмақ

Министрдің айтуынша, елдің су-энергетикалық ресурстары картасын әзірлеу мәселесі бойынша жұмыс Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысымен берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында басталған.

Ерлан Ақкенженов: Энергетика саласын жаңғырту – стратегиялық міндет

«Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіреді. Бұл өз кезегінде оңтайлы жобалық шешімдер қабылдауға, болашақ станциялардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда АЭС-тің аяқталғанын күтпей жаңа энергия көздерін іске қосу керек екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35