Білім • 21 Қаңтар, 2026

Ұлттық банк білім гранттарына өтінім қабылдауды бастады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк Назарбаев Университетімен бірлескен бағдарлама аясында білім гранттарына өтінім қабылдауды бастады. 2026 жылы MSF «Master of Science in Finance» (Қаржы саласының ғылым магистрі) және MAE «Master of Arts in Economics» (Экономика саласының өнер магистрі) бағдарламалары бойынша гранттар бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық банк білім гранттарына өтінім қабылдауды бастады

Бағдарламаның мақсаты – Ұлттық банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау.

Ұлттық банк алаяқтардың жаңа әрекеттері туралы ескертті

Оқу 2026 жылғы тамыз айында басталып, 2 академиялық жылға созылады. Университетке құжат қабылдау 13 ақпанға дейін жалғасады. Оқуға түсу үшін университет пен Ұлттық банктің талаптарына және шарттарына сәйкес 2026 жылғы мамыр мен маусым айлары аралығында өткізілетін конкурстық іріктеуден өту қажет. 

Әскерилерге білім грантын табыс етті

Оқуды аяқтағаннан кейін және екі жақты әңгімелесуден соң Ұлттық банкке, оның филиалдары мен еншілес ұйымдарына, сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылады.

Бағдарламалардың мазмұны мен оқуға қабылдау талаптары https://gsb.nu.edu.kz/kz/msc_in_finance және https://ssh.nu.edu.kz/kz/mae сайттарында қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар