Аймақтар • 21 Қаңтар, 2026

Қостанай облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасына бөлінетін квота көлемі артты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы перзент сүюге ниетті жандар үшін мемлекеттік қолдау аясы кеңейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасына бөлінетін квота көлемі артты

«2026 жылы облыс тұрғындары үшін 261 квота бөлінді. Ал өткен жылы берілген 203 квота толықтай игерілді», дейді облыстық ауруханаға қарасты «Әйелдерге кеңес» бөлімінің маманы Әсел Файзуллина.

Қазір экстракорпоральды ұрықтандыру үдерістерінің 20%-ы ғана оң нәтиже берген. Алайда нақты нәтиженің жыл ортасына қарай белгілі болатынын айтқан мамандар жасанды жолмен сәбилі болғысы келетіндердің шамамен 40%-ы перзент сүюі мүмкін деп болжап отыр.

Атырауда «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 467 әйел сәби сүйді

«Қазір кезекте тұрғандар саны біршама азайып қалды. Былтыр кезекке 400-ге жуық адам тіркелген еді. Биыл кезекте тұрғандардың саны – 300-дің шамасында ғана. Аталған бағдарламаға қатысқан көптеген әйелдер бүгінде ана атанып, бала тәрбиелеп отыр», дейді Ә.Файзуллина. 

Маманның айтуынша, 2021–2025 жылдар аралығында өңірге 1 184 квота бөлінген. Нәтижесінде 391 әйел нәрестелі болған.

Атырауда салмағы 5,8 келі болатын алып сәби дүниеге келді

Соңғы жаңалықтар