Министрдің айтуынша, 16 жасқа толмаған азаматтардың әлеуметтік желілерде өз бетінше тіркелуіне тыйым салуды көздейтін құқықтық нормалар әзірленді. Бұл ережелер онлайн-платформалар мен БАҚ туралы заң жобаларына енгізіліп, қазіргі таңда қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Аустралияда балалар 16-ға толғанша әлеуметтік желіні қолдана алмайды
Бұл талаптың орындалуын қадағалау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі Оқу-ағарту, Цифрлық даму және жасанды интеллект министрліктерімен тізе қоса қимылдамақ. Мамандар пайдаланушылардың нақты жасын анықтайтын арнайы технологиялық механизмдерді жасап, қажет болса талапты бұзғандарға қатысты жауапкершілік мәселесін қарастырады.
«Халықтың медиасауаттылығын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу және кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнамалық тұрғыдан қарастырылады», деді Аида Балаева.
Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге шектеу енгізілуі мүмкін