Оқу
Білім • 25 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 500 балаға арналған Оқушылар сарайы ашылды
Абай елінің аспанға лақтырған бөркі жерге түскен жоқ. Айналасы бір аптада бірнеше аса қат нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Шын мәнінде облыс орталығы – қарт Семейдің бойына қан жүргендей, түлей түсті. Соның бірі – Оқушылар сарайы.
Тағзым • 25 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлының мерейтойына арналған ұшу оқу-жаттығулары өтті
Қарулы күштердің әскери авиациялық базаларында қазақтың ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ауқымды оқу-жаттығу ұшулары өтті. Басты ерекшелігі – әуе кемелерінің Астана, Тараз, Балқаш, Жетіген, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған, Ақтау қалаларындағы әскери әуеайлақтардан бір мезетте көкке көтерілуі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2025
Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Сенатта өткен брифинг барысында жаңа Салық кодексі жоғары оқу орындарындағы білім беру құнына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Желтоқсан, 2025
«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?
Желіде «Kundelik» жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке мәліметтері тарап кеткені туралы ақпарат желдей есті. Ата-аналар мен ұстаздарды алаңдатқан бұл жағдайға байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми мәлімдеме жасап, тексеріс барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2025
Шымкентте 12 жасар оқушы жеті жыл ішінде 650 кітап оқыған
Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагогы оқушының болашақ мамандығын таңдауына көмектесетін бот әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Желтоқсан, 2025
Елордалық оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жобалар байқауы өтті
Астананың Сарыарқа ауданында мектеп оқушылары арасында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Алғырлар – 2025: идеядан болашаққа» атты оқушылар жобаларының байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлем • 18 Желтоқсан, 2025
Қырғыз Президенті 4 сынып оқушысына өз телефонын сыйлады
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Құлжа ауданы, Қоо-Чаты ауылындағы «Айдын-Кол» бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Белуардан қар кешіп мектепке қатынаған балақай Қырғыз президентінің шыршасына шақырту алды
Әлеуметтік желіде қалың қарды кешіп, мектепке бара жатқан видеосы тараған Нұрзаман Алмазбеков Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шыршасына баратын болды. Мемлекет басшысы білімге құштар төртінші сынып оқушысының талпынысына тәнті болып, оған арнайы қолдау көрсетуді ұйғарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Желтоқсан, 2025
Ресейдегі мектепте болған шабуылдан бастауыш сынып оқушысы қаза тапты
Ресейдің Мәскеу облысындағы Одинцово қалалық округіне қарасты Горки-2 елді мекенінде орналасқан мектепте жасөспірімнің шабуылы салдарынан бір оқушы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 15 Желтоқсан, 2025
Елордада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астана қаласында бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2025
Атом саласына қажетті мамандарды шетелде оқытуға грант бөлінеді
Қазақстан атом энергетикасы саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам жасады. Елдегі Атом энергетикасы жөніндегі агенттік Ғылым және жоғары білім министрлігі, Халықаралық бағдарламалар орталығы, сондай-ақ «Қазақстандық атом электр стансалары» ЖШС-мен бірге, атом саласына қажет кәсіби кадрлық резерв қалыптастыруға арналған арнайы гранттар бөлу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Екі өңірде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылды
10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Павлодар облысында бірінші ауысымдағы кейбір сыныптар сабақты қашықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 09 Желтоқсан, 2025
Skills Enbek: Биыл 550 мыңнан астам азамат онлайн-оқуды аяқтады
Биыл жарты миллионнан астам азамат Skills Enbek онлайн-платформасында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, сертификат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Астанада қараша айының 25-29 күндері ауылдық мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Желтоқсан, 2025
Астаналық оқушылар қашықтан оқуы мүмкін
Астанадағы білім беру ұйымдарында тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша аурушаңдықтың артуына байланысты қосымша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп қойды
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Мектеп оқушысы Су министрімен меморандумға қол қойды
Алматыдағы №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбек атмосфералық ауадан су өндіретін инновациялық құрылғы әзірлеп, Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмысты көздейтін меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Желтоқсан, 2025
Депутат: Білім беру жүйесін оқушылардың жас шамасына бейімдеу керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Болат Кәрімбек Оқу-ағарту министріне білім беру жүйесін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейімдеуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, бастауыш және орта сыныптардың жүктемесі олардың жас және танымдық деңгейіне сай емес, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік оқушы бірнеше сырқат түрлерін 3 секундта анықтайтын бағдарлама жасады
Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» №1 лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Арсен Алмасхан тың жаңалық ұсынды. 15 жасар өнертапқыш науқасқа диагноз қоятын жасанды интеллект негізіндегі бағдарламаны жасап шыққан деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбындағы республикалық бейнебайқау мәресіне жетті
Ақтөбелік оқушы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбындағы республикалық бейнебайқауда бірінші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Ауыл мектептерінің оқушылары республикалық жарыста топ жарды
25-29 қараша аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36 оқушы бақ сынады. Алматы облысының оқушылары айқын жеңіске жетіп, 18 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Астанада ауыл мектептері оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Қорытынды кезеңге еліміздің өңірлерінен 475 оқушы қатысып, олардың 200-і жеңімпаз және жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қараша, 2025
Білім саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды
Аталған жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова эксперттік қауымдастықпен отандық IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Қараша, 2025
Маңғыстауда түлкі оқушыларға шабуыл жасап, жарақаттады
Оқиға Бейнеу ауылында болған. Облыстық білім бастармасының мәліметінше, жыртқыш аң балаларды мектептің ауласында жарақаттаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Астанада мектеп оқушысы «Ақылды шлагбаум» ойлап тапты
Жобаны жасап шыққан – бас шаһардың №111 жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Әлихан Төлебай, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Қараша, 2025
Қазақстандағы мектептердің білім беру сапасы тексеріледі
2025 жылғы 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ЭЫДҰ-ның мектептерге арналған халықаралық PISA зерттеуі жүргізіледі. Оған еліміз бойынша 1 мың білім беру ұйымдары мен 15 жасқа толған 40 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қараша, 2025
Абай облысында 992 сыныптың оқушылары қашықтан оқуға көшірілді
Бұған маусымдық аурулардың өршуі себеп болып отыр. Облыстық Білім басқармасының дерегінше, қазір 992 сыныптың 18 234 оқушысы қашықтан оқуға көшірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.