Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44

Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізетін «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады

Ауқымды іс-шара 2026 жылғы 25-27 ақпан күндері өтеді. Оның негізгі мақсаты – көктемгі су тасқыны кезеңінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі мен халықтың дайындығын арттыру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының жедел әрекет ету қабілетін тексеру.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Астана қаласында, Төтенше жағдайлар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында жұмыс істейді.

Төтенше жағдай кезінде волонтерлік көмек жүйесі нығайтылады

Шараға республикалық азаматтық қорғау қызметтері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен арнайы құрылымдар қатысып жатыр.

Жаттығу аясында еліміздің әр өңірінде төтенше жағдайларды жою бойынша басқару шешімдерін пысықтау, командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізу, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау күштерінің практикалық іс-қимылдары ұйымдастырылады.

«Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында «Баршаның назарына!» сигналы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11:00-де еліміздің барлық өңірлерінде сирена-сөйлеу құрылғылары мен электрсиреналар іске қосылады. Осыған байланысты тұрғындарды сабыр сақтап, алаңдаушылыққа бой алдырмауға шақырамыз», делінген министрлік хабарламасында.

Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды

Соңғы жаңалықтар