Әскер • 02 Ақпан, 2026

Енді курсанттарды әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы жүргізіледі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап еліміздегі 18-24 жас аралығындағы ер азаматтар әскери оқу орындарына өтініштерін eGov.kz порталында онлайн режимде қалдыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді курсанттарды әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы жүргізіледі

Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына құжаттар тапсырудың цифрлық механизмін енгізді. 

«Өтініш беру үшін eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Әскери есеп және қауіпсіздік» – «Әскери қызмет» бөлімдеріне кіру қажет. Содан кейін «Әскери оқу орындарына қабылдау өтініштерін беру» қызметін таңдап, электрондық форманы толтыру керек. Үміткер негізгі мәліметтерді көрсетіп, оқу орнын таңдап, жеке деректерді өңдеуге келісім береді және өтінішті қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы растайды», деп түсіндірді министрлік. 

Өтініш беруші туралы ақпарат автоматты түрде тексеріледі. Жүйе психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулез диспансерлерінен, сондай-ақ соттылығы мен мүгедектік мәртебесі туралы деректерді сұрайды. Жеке куәліктер, білім туралы мәліметтер және ҰБТ нәтижелері мемлекеттік ақпараттық жүйелерден үміткердің қатысуынсыз алынады.

Өтініштің қаралу нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызмет алу тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Қабылданған жағдайда өкілетті тұлғаның цифрлық қолымен расталған электрондық құжат беріледі; бас тарту жағдайында негізделген хабарлама жіберіледі.

«Армия аналар көзімен»: Әскери бөлімдерде ашық есік күні өтті

Құжаттарды онлайн тапсырудың жаңа форматы қабылдау процесін қолжетімді әрі ашық етеді. Әскери оқу орындарында білім беру бакалавриат бағдарламалары бойынша тегін жүзеге асырылады және жұмысқа орналастыру кепілдігі қарастырылған. Оқу аяқталғаннан кейін институт түлектеріне «лейтенант», ал колледж түлектеріне «сержант» әскери атағы беріледі.

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Бұрын құжаттар жергілікті әскери басқару органдары арқылы рәсімделіп, медициналық комиссиядан өтіп, ведомстволарға жеке баруды талап ететін. Қазіргі таңда негізгі рәсімдер автоматтандырылған.

Қорғаныс министрлігінің білім беру жүйесінде офицерлерді даярлайтын Құрлық әскерлерінің әскери институты (Алматы), Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты (Ақтөбе), Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы) секілді үш жоғары оқу орны, сондай-ақ сержанттар құрамын даярлайтын бес әскери колледж бар.

Айта кетейік, өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 1 маусымға дейін жалғасады.

Қазақстанда әскери есепке алу ережелеріне өзгерістер енгізілді

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38