Қоғам • Бүгін, 10:00

Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларына сәйкес авто­мектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын ақпараттық жүйеде тіркеу міндетті саналады. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» атты ақпараттық жүйені әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді

Фото: depositphotos.com

Polisia.kz мәліметінше, автомектепті тәмамдағаны туралы куәліктер енді электрондық форматқа көшіріледі. Бұл оқудан толық өтпей-ақ қысқа мерзімде куәлік беру және құжаттарды қолдан жасау деректерінің алдын алуға мүмкіндік береді. «Автомектеп» ақпараттық жүйесі – ІІМ-нің балансындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе. Оның Smart Bridge платформасында жарияланған интеграциялық сервисі баршаға қолжетімді.

Ішкі істер министрлігі бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді

Қазіргі уақытта Smart Bridge порталы арқылы «CarLife» кәсіби бірлестігіне тиесілі «Avtomektep.kz» мемлекеттік емес ақпараттық жүйесі «Автомектеп» жүйесіне қосылған. Қосылу «электрондық үкімет» нысандарын интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылған.

Сонымен қатар интернет пен әлеуметтік желілерде азаматтарға жүргізушілерді жеделдетілген онлайн форматта оқыту жөнінде ұсыныстар тарап жатыр.

Ішкі істер министрлігі желіде тараған жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Осыған байланысты ІІМ азаматтарға жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте толық оқу курсынан өту қажеттігін ескертеді. Бағдарлама теориялық біліммен қатар, көлік құралын басқару дағдыларын бекітуге арналған практикалық сабақтарды қамтиды. Мұндай тәжірибелік машықтарды онлайн форматта толық меңгеру мүмкін емес.

Соңғы жаңалықтар