фото: ашық дереккөз
11 ақпан кешке Елшібек батыр көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында үлкен ағаш бұтағы қардың салмағын көтере алмай, құлап кеткен. Сол сәтте төменде мектеп оқушысы тұрған. Ол алған жарақаттарының салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Қайғылы жағдайға байланысты қала әкімінің тапсырмасымен оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Билік өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Әкімдік өкілдері ылғалды қардың ағаштар мен әлсіз бекітілген нысандарға үлкен салмақ түсіретінін ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарға автокөліктерді ағаштардың, электр желілерінің және әлсіз бекітілген құрылымдардың астына қоймауға кеңес береді.