Ауа райы • Кеше

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, 12 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Фото: pixabay.com

«2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, Қазгидромет синоптиктері елімізде қарлы боран, көктайғақ, қатты жел болатынын болжаған еді. 

Соңғы жаңалықтар