у
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин коммуналдық және энергетикалық салалар туралы депутаттық сауалын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жолдады. Депутат өз сөзінде, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы коммуналдық және энергетикалық салалардың қазіргі жай-күйіне өте нақты баға бергенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 21 Қаңтар, 2026
Чемпиондар лигасында гол соққан «Қайрат» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады
«Қайраттың» жартылай корғаушысы Әділет Садыбеков «Ақтөбе» футбол клубына ауысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Қаңтар, 2026
Ұлттық банк білім гранттарына өтінім қабылдауды бастады
Ұлттық банк Назарбаев Университетімен бірлескен бағдарлама аясында білім гранттарына өтінім қабылдауды бастады. 2026 жылы MSF «Master of Science in Finance» (Қаржы саласының ғылым магистрі) және MAE «Master of Arts in Economics» (Экономика саласының өнер магистрі) бағдарламалары бойынша гранттар бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 21 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында бидай өңдейтін зауыт іске қосылды
Түлкібас ауданында «MK ALTYN NAN» ЖШС-ның ұн шығаратын зауыты қайта жаңғыртылып, іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2026
Қоғамдық көліктерде төлем жасаудың жаңа тәсілі енгізілді
Бүгіннен бастап Өскемендегі қоғамдық көліктерде жолақысын төлеудің қосымша жаңа тәсілі енгізілді. Енді жолаушылар банктерінің мобильді қосымшалары арқылы да жолақысын төлей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2026
Қазақстаннан Вена, Рим және Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады
Биыл жаңа теміржол желілерінің құрылысы аяқталады, ал Қызылорда – Жезқазған автожолындағы қозғалыс 2026 жылдың соңына дейін ашылады. Ұлттық құрылтайда берілген Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салына ма?
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2026
Гидроэнергетикалық әлеуетті қалай арттырамыз? Елімізде бірыңғай цифрлық платформа құрылмақ
Энергетика министрлігі елдің гидроэнергетикалық әлеуетінің бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыру бойынша жұмысты бастап, оны ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаға интеграциялауды қолға алды. Бұл туралы ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік тапсырысқа мораторий: Жекеменшік мектептердің қаржыландырылуы түбегейлі өзгереді
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмалары шеңберінде білім беру және денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру мәселелері түбегейлі қайта қаралатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Футбол • 21 Қаңтар, 2026
Роналдудың рекорды қайталанды: Мбаппе бір маусымда 11 гол соқты
Мбаппе Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ең көп гол соққан Роналдумен теңесті. Роналду – 2013/14, 2015/16 жылдары 11 гол салған болса, Мбаппенің гол саны бұл межеге 2025/26 жылдары жетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2026
Алматыда Оңтүстік Кореяның танымал телешоуы түсірілді
Алматыда Оңтүстік Кореяның танымал «Менің кішкентай бойдақ жігітім» телешоуы түсірілді. Түсірілімге корей елінің әйгілі актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су арнайы келген, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Янукович тағы 15 жылға сотталды: Украинаның экс-президентіне жаңа үкім шықты
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке тағы бір сырттай үкім шығарылды. Ол жер телімдерін заңсыз иемденгені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Украинаның Жоғары антикоррупциялық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Кімдерге 6 ай бойы әлеуметтік төлем беріледі?
Былтыр жұмысынан айырылған 354,2 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) осы мақсатта 130,4 млрд теңге жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Жапонияда туристер мінген тікұшақ жоғалып кетті
Жапонияның Кумамото префектурасында туристік тікұшақ жоғалып кетті. Оның бортында үш адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қаңтар, 2026
Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал берген
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір отбасының төрт мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 21 Қаңтар, 2026
Елімізде аяз күшейіп, қалың қар жауады
Синоптиктер елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болатынын айтты. Мұндай ауа райы жол қозғалысын қиындатып, тұрғындарға қосымша қолайсыздықтар туғызады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан
Бородулиха ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену және орман қорына заңсыз қол сұғу деректері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 20 Қаңтар, 2026
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады
Астанада алғаш рет робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады. Мастер-класты Үндістаннан арнайы келген халықаралық сарапшы, доктор Суджой Кумар Бхаттачарджи өткізді. Бірегей отаны еліміздің 100-ден астам дәрігер бақылап, жаңа технологияның мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
Оқушыларға арналған эко-лагерь – «Байтақ» партиясының жобасы. Олар «Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-лагерьде жастармен «жасыл идеяларды» іске асырмақ. Жобаны биыл жаз айларында жүзеге асыру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?
Еліміздегі суперкомпьютерлер халықаралық деңгейде мойындалып отыр. Мысалы, елдегі Alem.Cloud суперкомпьютері әлемдік рейтингте 500 суперкомпьютердің алғашқы жүздігіне енген. Ал, енді бірі Al-Farabium халықаралық рейтингте 103-орында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 2025 жылды қорытындылаған брифингте журналистің коммуналдық мәселе төңірегінде қойған сауалына келешекте бұл қызмет француздық компанияға сенімгерлік басқаруға берілетінін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды
Жүргізуші 1 жыл ішінде 155 рет жол ережелерін өрескел бұзған. Ол тіпті биылғы 16 күннің ішінде 18 рет жол ережесін бұзып үлгерген екен, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады
Отандасымыз Александр Бублик бүгін Дженсон Бруксбиді (ATP рейтингісінде 48-орын) жеңді. Аталған матч 2 сағат 7 минутқа созылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті
Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған онлайн байқауға 10 мыңға жуық оқырман қатысты. Облыс әкімінің қолдауымен көпшіліктің кітапқа құштарлығын ояту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі байқау үміткерлердің жас ерекшелігіне қарай үш санат бойынша өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?
Дезинформациямен күрес орталығында «Қазақстанда банкомат арқылы қолма-қол ақша шешетін азаматтардың базасы жасалып жатыр» деген хабарламаға түсініктеме берілді. Аталған ақпараттың шындыққа сәйкес еместігі аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Кеше кешкісін Ұлан ауданының Бозанбай ауылынан шопандар әдеттегідей қой жаюға шыққан. Алайда, қатты боран салдарынан кері жол таппаған. Бірнеше сағаттан соң ғана бірі ауылға түсіп, жанындағы шопаннан адасып қалғанын айтқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін
Алматыдағы Есентай өзенінде қауіпті жағдай сақталып отыр – қатты аяз бен мұздың жиналуына байланысты мұзды су селі қайта жүру қаупі бар. Бұл туралы бүгін «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?
Шымкент қаласының Полиция департаменті өткен жылғы жұмыстарын қорытындылады. Алдағы күнге жоспарларын белгіледі. Кеңеске Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысқан бір топ азамат марапатталды
Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Ұлытауда 48 жылдық тарихы бар музей заман талабына сай жаңартылды
Қаңтар айының ортасында Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің жөндеу жұмыстарынан кейін заман талабына сай жаңартылған экспозициялық залдарының және жаңа екі залдың таныстырылымы өтті. Іс-шараға облыс және қала мекеме басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.