Жолдардың 6 наурыз күні сағат 08:00-де ашылуы жоспарланып отыр. Қолайсыз ауа райына байланысты шектеу жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге енгізілді.
Ақмола облысы бойынша:
-
Жезқазған – Арқалық – Петропавл тасжолы, 532-552 км – Бузулук кентінен Сурган кентіне дейінгі аралық;
-
Қостанай – Әулиекөл – Сурган тасжолы, 232-260 км – Қостанай облысының шекарасынан Сурган кентіне дейінгі аралық;
-
Жақсы – Есіл – Бузулук тасжолы, 71-82 км – Ақсай кентінен Бузулук кентіне дейінгі аралық.
Қостанай облысы
-
Қостанай – Әулиекөл – Сурган тасжолы, 8-232 км – Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.
Ақтөбе облысы
-
Ресей Федерациясы шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасы шекарасы тасжолы, 776-965 км – Ақтөбеден Қарабұтақ кентіне дейінгі аралық;
-
Ақтөбе – Ресей Федерациясы шекарасы (Алимбет өткізу бекеті) тасжолы, 39-136 км – Шәмші Қалдаяқов ауылынан өткізу бекетіне дейінгі аралық.
Бұл екі учаскені сағат 10:00-де ашу жоспарланып отыр.
Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 5-7 наурыз аралығында елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауатынын хабарланды.