Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған өртке қатысты қылмыстық істің тергеу барысын Бас прокуратура бақылауда ұстап отыр.
Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі – «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза болуына әкеп соғу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде дәмхана иесі екі ай мерзімге қамауға алынды.
Еске салайық, дәмханада газ жарылысынан кейін шыққан өрт салдарынан 9 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр және орташа ауыр деп бағаланған.