Сауда • Бүгін, 10:21

Геосаяси жағдай және сауда: Қазақстанда шұғыл байланыс желісі іске қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы саудадағы жағдайдың өзгеруіне байланысты Қазақстанда экспорттаушыларды қолдау шаралары күшейтілді. Осыған орай Экспорттық штаб жанынан бизнес өкілдерімен жедел байланыс орнатуға арналған арнайы call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Геосаяси жағдай және сауда: Қазақстанда шұғыл байланыс желісі іске қосылды

Фото: istockphoto.com

Жаңа қызметті «QazTrade» экспортты дамыту жөніндегі ұлттық оператор іске қосты. Ол Сауда және интеграция министрлігінің қарамағында жұмыс істейді.

Call-орталықтың негізгі мақсаты – сыртқы нарықта жұмыс істейтін отандық экспорттаушылардың мәселелерін дер кезінде анықтап, жедел шешуге көмектесу.

Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты «жедел желі» нөмірлерін іске қосты

Экспорттаушылар бұл қызмет арқылы логистика, есеп айырысу, кедендік рәсімдер және сыртқы саудаға қатысты басқа да қиындықтар туралы хабарлай алады. Түскен барлық өтініштер тиісті мемлекеттік органдар мен даму институттарының қатысуымен қаралып, нақты шешімдер әзірленеді.

Министрліктің мәліметінше, сыртқы саудадағы жағдай тұрақты бақылауда. Қажет болған жағдайда экспорттық жеткізілімдерді сақтау үшін баламалы бағыттар мен жаңа нарықтар қарастырылмақ.

Алматы апорты экспортқа дайындалып жатыр: «QazTrade» пен өндірушілер меморандумға қол қойды

Экспорттаушылар туындаған мәселелер бойынша мына нөмірге хабарласа алады: +7 777 022 23 34 (export.care@qaztrade.org.kz). Орталық жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар