Футбол • Бүгін, 11:28

Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубының бас құрылтайшысы болды, деп жазады Egemen.kz.

Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

Фото: instagram.com/fctobol

Облыс әкімдігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың футболды коммерцияландыру жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов Қостанайдың «Тобыл» футбол клубын сатып алғанын хабарлады. 

«Тобыл» футбол клубы атауын толық қазақшалады

Forbes Kazakhstan дерегінше, 2024 жылы Ибрагимовтер отбасының байлығы шамамен 1,5 миллиард доллар деп бағаланған.

Бизнесмен «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды

Ал «Тобыл» футбол клубы өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында қола жүлдегері атанып, Қазақстан Кубогін жеңіп алды. Команда биылғы маусымды да сәтті бастады. Қазақстан суперкубогі үшін өткен матчта қостанайлық құрама алматылық «Қайрат» клубынан басым түсті. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталғанмен, пенальти сериясында «Тобыл» 5:4 есебімен жеңіске жетті. 

Тимур Турлов «Шахтёр» футбол клубын сатып алды

Бұған дейін «Қайсардың» инвесторы – «TAU Group Ltd» өкілі Исламғали Қозбақов, «Қызылжардың» жаңа иесі – кәсіпкер Сергей Кан, «Жеңіс» клубының инвесторы – кәсіпкер Михаил Ломтадзе болғаны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар