Иран басшысы қақтығыстың алдын алып, бейбіт шешім табу мақсатында келіссөздер мен өзара түсіністікке негізделген саясат ұстануға ұмтылғандарын, алайда АҚШ пен сионистік күштердің әскери агрессиясы жағдайды күрделендіріп жібергенін алға тартты.
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
«Олар бізге өз егемендігімізді және халқымыздың қауіпсіздігін қорғаудан басқа таңдау қалдырмады. Біздің мақсатымыз – соғысты кеңейту емес. Біз әрдайым аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдаймыз. Сонымен қатар кез келген мемлекет сияқты өз аумағымызды, ұлттық қауіпсіздігімізді және халқымыздың өмірін қорғауға толық құқығымыз бар. Біз сіздердің елдеріңіздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейміз. Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық тек сыртқы күштердің араласуымен емес, өңір мемлекеттерінің өзара ынтымақтастығы, өзара құрметі және бірлескен күш-жігері арқылы қамтамасыз етілуі тиіс деп санаймыз», делінген Иран Президентінің үндеуінде.
Пезешкиан барлық достас және көршілес мемлекеттерді аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған диалог пен өзара қолдауды жалғастыруға шақырды.
«Біздің ортақ мақсатымыз – халықтарымыздың қауіпсіздігі мен болашағын қамтамасыз ететін тұрақты әрі бейбіт өңір қалыптастыру», деді ол.