Қоғам • Бүгін, 16:08

Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде декреттік төлемдерді алу тәртібі қатаңдатылмақ. Енді төлем алу үшін табыс көзін толық дәлелдеу талап етіледі, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді

Фото: canva.com

Бұл өзгерістер Жоғарғы есеп палатасының тексеруінен кейін ұсынылған. 

«Егер тұлғалар табысын қолма-қол ақша түрінде алса, мысалы, бақылау-кассалық машиналардан чек арқылы немесе арнайы мобильді қосымша арқылы  табысты растау үшін қосымша ақпарат енгізу ұсынылды. Бұған әлеуметтік салық, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жарналары туралы деректер, сондай-ақ жеке тұлғаның табысын түзету жағдайында салық декларациясымен сәйкестендіру кіреді», Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының вице-президенті Марат Жаныбеков.

Декреттік төлем әр анаға әрқалай есептеледі. Неліктен?

Алайда, елде декреттік демалыстағы аналарға жұмыссыздық бойынша төлемді рәсімдеп, екі төлем алу мүмкіндігін ұсынатындар көбейген. МӘСҚ өкілдері мұның заңсыз екенін ескертіп отыр.

Соңғы жаңалықтар