Аймақтар • Бүгін, 20:45

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі ең ірі жаңа кеме суға түсірілді. Ол Орал қаласындағы «Зенит» зауытында Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәлімдеуінше кемеге мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Діңгегі Ақтау қаласында орнатылады, себебі теңізге шығар алдында кеме көпір астынан өтуі керек.

Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды

Бұл – «Зенит» зауытында жасалған 37-ші кеме. Оның су сыйымдылығы 720 тонна, жүк трюмінің көлемі 30 текше метрді құрайды. Кеме сағатына 16 торапқа дейін жылдамдықпен қозғала алады. Ұзындығы – 51 метр, ені – 9,5 метр. Сондай-ақ 8 баллға дейінгі дауылға төтеп бере алады.

Жаңа кеме Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері мен катерлерін дизель отынымен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған. Экипаж құрамында шамамен 30 адам бар.

Орал әуежайы авиаотынды әртүрлі бағамен сатып келген

Айта кетейік, 1941 жылы Орал қаласында Ленинградтан эвакуацияланған «Двигатель» зауытының негізінде «Зенит» кәсіпорны құрылған. Ұлы Отан соғысы жылдары зауыт торпедалар, түрлі миналар және авиацияға арналған құралдар шығарған. Уральскіге көшірілгеннен кейін бір айға жетпей майданға алғашқы қару-жарақ партиясын жіберген.

 
Соңғы жаңалықтар