Фото: ҰОК
Финалда ол 33 ұпай жинап, биыл командаласы Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.
Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогі кезеңі 4 мамырда басталды, 11 мамырда аяқталады. Жарыс Александр Асанов атындағы клубта өтіп жатыр.