Бүгінде аталған өңірде алты соғыс ардагері бар. Олардың бесеуі – Қарағанды қаласында, біреуі – Осакаров ауданында тұрады.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғыны қамтылған.
Көмек алушылардың басым бөлігін тыл еңбеккерлері құраған. Облыста осы санаттағы 2029 адамға 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасалған.
Сондай-ақ концлагерьдің бұрынғы тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден (33 адам), қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен жесірлеріне – 50 мың теңгеден (89 адам) үлестірілген.
Бұдан бөлек, ардагерлер үшін шипажай-курорттық ем алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл шығындар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.