Қоғам • Бүгін, 14:59

Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде «енді жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады» деген бейнеролик тарап, жүргізушілерді шатастырды, деп жазады Egemen.kz.

Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?

Фото: Istockphoto.com

Аталған ақпараттың шыңдыққа сәйкеспейтінін Polisia.kz хабарлады:

  • Бұрынғыдай, әкімшілік жауапкершілік тек жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асыру кезінде қолданылады;
  • 8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек камералардың жұмыс тәртібіне қатысты, яғни олардың өлшеу дәлдігі мен рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды;
  • Осы құжат жүргізушілерге жаңа талап енгізбейді және жауапкершілікке тарту шегіне әсер етпейді.

Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды

Теріс ақпаратты таратқан Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге,тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар