Оқиға • Бүгін, 18:31

Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі зауытта зардап шеккендерге көмек көрсету үшін елордадан дәрігерлер барады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазцинк» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады

Компания мәліметінше, жақын уақытта Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері арнайы ұшақпен Өскеменге жеткізіледі.

Айта кетейік, бүгін «Казцинк» зауытында жарылыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Бір зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 90%-дан астамын күйік шалған және тыныс алу жолдары зақымданған.

Соңғы жаңалықтар