Мамыр айының басында бірқатар банктер мөлшерлемелердің көтерілгенін жариялады. Мысалы, Еуразиялық банк «TURBO жинақтаушы депозиті» бойынша мөлшерлемені 20,5%-ға дейін жеткізді. Бұл ұсыныс 3 ай мерзімге, толықтыру мүмкіндігімен беріледі. Ал 6 айға, толықтырусыз депозиттер бойынша ЖТСМ шамамен 20% құрайды. Ең төменгі салым сомасы – 1000 теңге.
Сондай-ақ Home Credit Bank те 3 айлық, қаражатты шешу мүмкіндігі жоқ «Сберегательный Хоум+» депозиті бойынша 20,5% мөлшерлеме ұсынады. Бұл жерде ең аз салым көлемі – 10 мың теңге. Бұдан бөлек, банк «Простой» және «Почтовый» өнімдері бойынша мөлшерлемелерді 16,3%-ға дейін өсірген.
Облигация әлде депозит: Жинақты қайда сақтаған тиімді?
Қазіргі таңда ең тиімді депозит ұсыныстарының қатарында:
– Еуразиялық банк – 3 айға дейін 20,53% (шешусіз),
– Home Credit Bank – 3 айға дейін 20,5% (шешусіз),
– BNK Bank – 20,5% (толықтыру және шешу мүмкіндігінсіз),
– Altyn Bank – 6 айға дейін 20% (толықтырумен),
– Freedom Bank – «Капитал» депозиті бойынша 6 айға дейін 20% (шешусіз, толықтырусыз).
Сонымен қатар Kaspi, Банк ЦентрКредит, ForteBank, Bereke Bank, Нурбанк сияқты ірі банктер де 3 айлық депозиттерге шамамен 20% мөлшерлеме ұсынып отыр.
Нарықта ерекше ұсыныстар да бар. Мысалы, исламдық Zaman Bank 3 жыл мерзімге 20% мөлшерлеме қарастырады.
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық Банкі 2026 жылғы 24 сәуірде өткен ақша-несие саясаты комитетінің отырысында базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады.